Пайдасынан зияны ма?
15-19 жас аралығындағы жеткіншектерге кезектен тыс қызылшаға қарсы екпе жүргізу толық орындалған жоқ. Иммундау барысында берекетсіздіктер тіркелді. Әзірге бұл екпе шарасы Қазақстан бойынша тоқтатылып тұр. ҚР басты мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы бойынша, ағымдағы жылдың қазан айына шегертілді. Мұндағы мақсат – қызылшаға қарсы екпенің денсаулыққа кері әсер беруінің себебін анықтау. Өйткені кері әсер елдің түкпір-түкпірінде байқалды.
Еске сала кетейік, таяуда Қостанайда да 18 жасар қыз егілгеннен кейін өзін жайсыз сезініп, санитарлық ұшақпен облыстық ауруханаға жеткізілген болатын. Неврология бөліміне түскен Қолғанат Тохтарованың нақты неге шағымданғанын денсаулық сақтау басқармасы әлі дөп баса алмайды. Бірақ емдеу шаралары жүргізіліп жатыр және нәтижелі. Бойжеткеннің қазіргі жағдайы жақсы екенін айтады ақ халаттылар.
«Сапасыз екпеге бас тіккеннен гөрі, міндетті шарадан бас тартқан санаға сыйымды». Бұл – облыс орталығындағы ата-аналардың ортақ пікірі. Айтуларынша, айналып келгенде, баланың денсаулығы мен өміріне жауапты шенеуніктер де, дәрігерлер де емес, ата-ана. Сондықтан, ақпараттануға және таңдау жасауға әркім құқылы.

Жандос Жүсіпбек