ЕУРАЗИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯ: сұрақтар мен жауаптар (Қазақстан Республикасы азаматының артықшылықтары)

– Еуразиялық экономикалық одақ пен ДСҰ-ға кіруден түпкілікті тұтынушы – Қазақстан азаматы қандай артықшылықтар алады?
– Тұтынушы ең алдымен, тауарлар мен қызметтерді таңдаудың үлкен мүмкіндігін алады, соның салдарынан жоғары бәсекелестік импортталатын және жергілікті  өнім бағасын нарықтық тежеуге әкеледі. Сондай-ақ импорттың ұлғаюы жаңа техника мен технологияның келуіне әсер етеді.
ЕЭО және ДСҰ кіретін елдерде шығарылған, әлемдік стандарттарға сай келетін өнім сапасына жоғары талаптарды тұтынушылар үшін негізгі артықшылық деп есептеу керек.
Сондай-ақ серіктес-елдердің өткізу нарығына бағытталған өндірушілердің бірлескен өндірісін ашу және кеңейту есебінен жаңа жұмыс орындары пайда болады. Осының бәрі жұмыссыздықты азайтып, халықтың әл-ауқатының өсуіне жағдай жасайды.
– Адам капиталының (жұмыс күшінің) еркін қозғалысы қарапайым қатысушыға не береді?
Ресей мен Беларусьте жұмысқа орналасу кезінде қазақстандық жоғары оқу орындарының жоғары білім туралы дипломдары танылады ма, танылмайды ма?    
– Адам капиталының еркін қозғалысы  қатысушыға БЭК қатысушы елдердің бірінде жұмысқа орналасу кезінде уақытты қысқартуға және рәсімдерді жеңілдетуге мүмкіндік береді. Мысалы, Қазақстан азаматы Ресейде бұрын болған міндетті тіркеусіз 30 күн болуға құқылы. БЭК қатысушы-елдерінің барлық азаматтары кейбір жағдайларды қоспағанда Қазақстанда, Беларусь пен Ресейде жұмысқа орналасу кезінде бірдей құқықтар мен міндеттерге ие. Қазіргі таңда барлық үш елде дипломдарды растауды талап етпейтін БЭК қатысушы-елдері жоғары оқу орындарының тізімі жасалуда. Мысалы, "Назарбаев  Университетінің" түлегі Ломоносов атындағы ММУ түлегі сияқты Ресей мен Беларусьте жұмысқа тұруға толығымен құқылы
– "Еңбек етуші мигранттардың және олардың отбасы мүшелерінің құқықтық мәртебесі туралы келісімнің" қабылдануына байланысты еңбек етуші мигрант қандай жеңілдіктерді, преференцияларды пайдалана алады?              
– Осы Келісімнің қабылдануына байланысты мемлекеттерде еңбектің ішкі нарығын қорғау мақсатында белгілеген жұмысқа рұқсат беру рәсімі алынып тасталған. БЭК қатысушы-елдерден келген жұмысшы еңбек мигрантын қабылдаушы елдің жұмысшысындай кәсіби және әлеуметтік преференцияларды (еңбек құқығы, балаларды мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге орналастыру, медициналық мекеме қызметтерін пайдалану мүмкіндігі, салық төлеу бойынша міндеттемелер) пайдалана алады. Мемлекеттік қызметтегі жұмыс пен әскери қызметті өтуді қоспағанда.
Бұл мәселенің ағымдағы қиындықтары Қазақстаннан келіп еңбек етіп жатқан мигранттар үшін табыс салығымен байланысты, ол Ресейде 30% құрайды, ал Қазақстанда жұмыс істеп жатқан ресейліктер 10% төлейді. Қазақстан Ресей мен Беларусь елдерінде табыс салығының төмендеуіне және теңестірілуіне баса назар аударған болатын, бұнымен ресейлік тарап келісті. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық еңбек етуші мигранттар үшін РФ-дағы табыс салығының мөлшері 10% құрайтын болады.
Осы Келісім күшіне енген сәттен бастап Қазақстаннан, сонымен қатар Қазақстанға еңбек мигранттары ағынының еселеп ұлғаюы байқалатынын ескерген жөн.
– Мысалы Қазақстан азаматы Беларуське көшетін болса, зейнет ақыны есептеу кезінде оның өтілі есептеледі ме?       
– Ия, есептеледі. Осы норманы бекіту (еңбек өтілін өзара есептеу туралы) одақтық шарт шеңберінде немесе жеке келісімде көрініс табады.
– Кедендік тасымалдың кедендік рәсімдеріне сәйкес Кеден одағының кеден шекарасы арқылы, сондай-ақ, жеке тұлғалардың жеке пайдалануы үшін әкелінетін тауарларға қатысты кеден органдары зияткерлік меншік объектілеріне құқықты қорғау бойынша шаралар қабылдай ма? 
– КО КК 328-бабы 2-тармағына сәйкес кеден органдары мыналарға кедендік шекара арқылы әкелінетін тауарларға зияткерлік меншік объектілеріне құқықты қорғау бойынша шаралар қолданбайды:
 1) жеке пайдалануы үшін әкелінген, оның ішінде, халықаралық пошта жөнелтілімдерімен жеке тұлғалардың мекенжайына жіберілген тауарларға; 
 2) кедендік тасымалдық кеден рәсімдеріне сәйкес;
 3) дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер, шетелдік мемлекеттердің өзге де ресми өкілдері, халықаралық ұйымдар, осы өкілдіктердің, мекемелер мен ұйымдар персоналдарының ресми және жеке пайдалануы үшін.
– Сыраны қоса алғанда, алкоголь сусындарын жеңілдікпен өткізу нормасы қандай?            
– Жасы 18-ге толған бір жеке тұлғаға 3 литрден көп емес.
– Кеден одағы аумағына/аумағынан  және Кеден одағы ішінде әкелу/әкету кезінде қолма-қол ақша құралдарын міндетті жазбаша декларациялау.
– 10 мың АҚШ доллары эквивалентінен асатын сома. Кеден одағына қатысушы-елдер арасында тасымалданатын сома декларацияланбайды.
– Халыққа құқықтық көмек көрсету салаларында КО мен БЭК шеңберінде қандай ынтымақтастық жүзеге асырылуда?         
Қазіргі уақытта ҚР Әділет министрлігі КО мен БЭК мүше мемлекеттердің аумақтарында қорғаушы, нотариаттық, сот-сараптамалық қызмет, сондай-ақ патенттік тексерілген және бағалау қызметтері саласында азаматтарға көмек көрсету мүмкіндігі туралы мәселені қарастыруда.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓