Жаңа жобалар жүзеге асырылмақ
Агроөндірістік кешенді индустрияландыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табуда. Ағымдағы жылға 5,5 млрд теңге көлеміндегі 19 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған. Жүзеге аса жатса, мұнша жоба 260 жаңа жұмыс орнының пайда болуына септігін тигізеді.
Индустрияландыру картасы шеңберінде, Рудный қаласында, «Лидер-2010» ЖШС ықпалымен, сүт және сүт өнімдерін өндіретін цехтың негізін қалау көзделіп отыр. 30 адамды еңбекпен қамтуды көздеген инвестжобаның құны 1,2 млрд. теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстары 2015 жылдың маусым айында басталмақшы.
Ал, жалпы сомасы 4,3 млрд. теңгеге бағаланған, қалған 18 жоба индустрияландыру картасынан тыс ірге көтеретін болады. Ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында 4 жобаны іске қосу нысанаға алынса, бұлардан басқа 15 нысан құрылысын бастау екінші жартыжылдыққа еншіленіп отыр.
Жандос Жүсіпбек