Алға бір қадам жасалды

Елорда төрінде аса маңызды құжатқа қол қойылды.  Еуазиялық экономикалық одақ құрған Қазақстан, Ресей және Беларусь арасындағы интеграциялық байланыстардың келешегі зор деп біле-мін. Біреулер мұны тәуелсіздігіміз-ге төнген қауіп деп топшылайды. Бұл түп-тамырымен қате пікір. Халқымыз: "Саусақ бірікпей, ине ілікпейді" – дейді, бүгінгідей жаһандану кезеңінде бірігіп әрекет етпесе болмайды. Және Елбасының өзі ЕАЭО-ның ешқандай саяси салмағы жоғын айтты, тек Кедендік Одаққа мүше үш ел арасында еркін экономикалық аймақ құру арқылы  бизнестің көкжиегін кеңейту басты мұрат. Бұдан еліміз ұтпаса, ұтылмасы анық. Өйткені, кез келген мемлекеттің дамуы сыртқы алыс-берістің көлемі артуына тікелей байланысты. Яғни, Қазақстанда өндірілген тауарлар тек қана ел ішінде ғана емес, Ресей мен Беларусь мемлекеттеріне де экспортталады.
Еуразиялық экономикалық одақтың ерекше бір тиімді тұсы,өзге мемлекеттердей емес, одақ-қа мүше елдер арасында еркін сауда жүйесі  салтанат құрады. Бұл тәуелсіз еліміздің қарқынды дамуына айрықша серпін бермек.
Нұрлан Әбділдин.
Қостанай қаласы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓