Астана – әлем назарында! Астана экономикалық форумына қатысушылар жиынның маңыздылығын сөз етуде.
Астана экономикалық форумы – жаһандық мәселелерді талқылауға және шешуге арналған жыл сайынғы сұхбат алаңына айналды. Ауқымы мен деңгейі бойынша бүкіл Еуразия кеңістігінде теңдесі жоқ, ал қозғалған тақырыптардың қамтылуы мен идеяларды әзірлеу бойынша дүниежүзінде көшбасшылық ұстанымды лайықты иеленген.
Форумның басты ұйымдастырушысы – әлемнің 147 елінен ғалымдар мен практиктерді, әлем ойшылдарын, саясаткерлерді, халықаралық ұйымдар, ғылыми-зерттеу орталықтар басшыларын және іскерлік орта өкілдері іспетті он мыңнан астам делегатты біріктіретін "Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы" қауымдастығы болып табылады.
Форумның ауқымы, өзектілігі, институционалдық, инвестициялық әлеуеті және оның ықпалы үнемі арту үстінде. Тек соңғы екі жыл ішінде Форумға 20000-нан астам делегат қатысты. Соңғы 6 жылда 11,2 млрд. АҚШ доллары жалпы сомасына 193 меморандум мен келісімге қол қойылды. Еуразиялық іскерлік конгресі, дүниежүзілік МЖК орталығы және дүниежүзі экономикасын дамыту мәселелерінде сараптамалық және ғылыми ұсынымдар үшін Нобель сыйлығы лауреаттарын біріктіретін әлемдегі бірегей клуб Нобель сыйлығы лауреаттарының Астаналық клубы құ-рылғаны белгілі.
2014 жылы қаржы, экономика министрлері және БҰҰ-ға мүше-мемлекеттердің орталық банктерінің басшылары деңгейінде, VII Астана экономикалық форумы және II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция өтті. Айтулы шараның жемісті өткізілуіне сай, Қазақстан Республикасы Президентінің атына әлемнің түпкір-түпкірінен құттықтау хаттары мен жеделхаттар көптеп түсе бастады. Тоқталып өтер болсақ, халықаралық консультативтік кеңестің мүшелері Австрия Республикасының бұрынғы федералдық канцлері Альфред Гузенбауер және Еуропалық комиссияның экс-төрағасы Романо Поради ауқымды шараның маңыздылығына тоқталып өткен еді. "Әлемдік экономикалық және әлеуметтік мәселелерді талқыға салатын керемет алаңның қалыптасуына қазақ елі мұрындық болуда. Менің ойымша, осы арада талқыланған мәселелер жаһандық жаңғыртуға оң серпін береді. Әлемдік деңгейде ұйымдастырылған Астана экономикалық форумы ерекше ма-ңызға ие" – дейді, өз хабарында Романо Поради.
Ал, Хорватияның экс-президенті Месичтің пайымдауынша Астана экономикалық форумы болашақта тек, экономикалық мәселелермен шектелмей әлеуметтік және саяси бағыттарды да қамтиды. Дүниежүзілік дағда- рысқа қарсы форумға тоқталар болсақ, БҰҰ бірлесе отырып, жұмыр жерді жайлаған қаржы дағдарысына төтеп берер жолды табуға болады.
G-Global идеясын сөз еткен Армения Республикасының бұрынғы басшысы – "Батыл қа-дамға барып, заман талабына сай реформаларды жүзеге асыру қажет. Нұрсұлтан Назарбаевтің бастамасымен қолға алынып отырған "G-Global" жобасы осы бағыттағы ауқымды іс. Форум барысында бұған нақты көз жеткізу мүмкін болды" – деген ойын ортаға салады.
Айтулы басқосудың маңыздылығы мен көтерген мәселелерін салмақтаған әлемдік сарапшылардың пайымдауынша, Астана экономикалық форумынан кейін, жұмыр жерді жайлаған қаржы дағдарысынан шығар жол айқындала түскен. Әлемнің азулы саясаткерлері мен сарапшыларының басын қосқан келелі кездесудің берері мол. Ендеше, келесі форумнан да күтеріміз көп болмақ.
Жұматай Кәкімжанов