«Алтын белгі» иегерлері
Мына суретке қараңыздаршы. Жүздерінен қуаныштың лебі есілгендей. Айтса, айтқандай-ақ. Олар Рудный қаласындағы №7 орта мектебінің үстіміздегі жылғы мектеп бітіруші түлектері. «Алтын белгісіне» үміткерлер еді. Үшеуі да жуырда ғана өткен ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, нағыз «Алтын белгінің» иесі екендіктерін білімдерімен дәлелдеп шықты. Тестілеуде Гүлнұр Сүйментай 115, Зарина Қорғанбекова 113, Жансая Мұратбаева 111 балл алып шықты.
Жансая Мұратбаева – республикалық, халықаралық пән олимпиадаларында үздік атанып, қос бірдей жоғары оқу орны – Түркістандағы Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және М. Дулати атындағы ТарМУ-де тегін оқуға білім грантын жеңіп алып, жолдама алған-ды. Қостанай облысы жастарының «Алтын кітабына» еніп, қазақ тілін дамытуға қосқан үлесі үшін облыс әкімнің алғыс хатына ие болды. Болашақта қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болсам дейді.
Гүлнұр Сүйментай – халықаралық «Золотое руно» байқауының жүлдегері, облыстық, республикалық ғылыми жобалар жұмыстарының
жеңімпазы.
жеңімпазы.
Зарина Қорғанбекова халықаралық «Bulldog», «Кенгуру» білім сайыстарының жеңімпазы, облыстық «Жарқын болашақ» байқауының жүлдегері.
Мектеп директоры Қ.Бірманованың айтуынша, үшеуі де білімді, тәрбиелі, өнегелі оқушылар. Еліміздің нағыз азаматтары, тіректері, жарқын болашағы. Тәрбие мен білімді қатар сіңіре білген сынып жетекшісі С.Қыстаубаеваның еңбегі ерекше.
Қуаныш СЕЙДОЛЛА,
Нұргүл ИБРАЕВА.
Рудный қаласы.