Түстің айтар сыры көп

Аллаһ басқа салмасын әрине, бірақ кейбір адамдар кімнің қашан о дүниелік болатынын күнібұрын сезетін қасиетке ие болады екен. Бұл тіпті кейде күтпеген жерден ашылатын қасиет деп те жатады. Ондай адамды кім жақтырсын. Тап осындай жағдай өз басымда бір-екі рет болғаны рас.chelovek-vo-sne2
Бірінші жолы шым-шытырық түс көріп жатырмын. Біреу белгілі бір қайраткердің есімі мен тегін айтыпты. Мен оны шала тыңдап "Түген Түгенше" болса қайтейін  дегенім есімде. Сол есім есімде тұрды. Таңертең радио тыңдап отырып жаңағы білімі кемел академиктің қайтыс бол-ғаны туралы естіп қатты таң қалдым. Сәйкестік деп ойламаймын. 
Бір жолы түнде түс көріп жатыр едім. Түсімде ғайыптан көктен келгендей бір елеусіз, күңгірттеу үн (тіпті аздап металды дауыс) Пәленше Түгеншетегі қайтыс болды деді. Мезгіл қыс еді. Одан кейін шамамен 4-5 ай уақыт өтті. Басшылық қызметтегі нағашым болып келетін кісі кенеттен қайтыс болды. Жүрек дерті бар екен, ондай сырқаттар аяқ астынан кетеді. Бірақ  маған соны жеткізген дауыс иесі кім? Егер мен білгенімде ескертер едім, жұмысты қоя тұрып ем қабылдаса, тірі жүрер ме еді деген өкініш ойдан кетпейді. 
 
Ділнәр ДҮЙСЕНҒАЛИ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓