Әуелеп ұшқың келсе…
Қалықтап құстай ұшуды қиялдасан, ол да орындалатын арман. Қостанай жерін аралағысы келген қала тұрғындары мен қонақтарына «Океан» әскери патриоттық бірлестігі көктен тамашалауға шақырады.
«Океан» 1979 жылы ашылған ұйым. Сол кезде жасөспірімдердің мектептен тыс бос уақытын тиімді пайдалануға үйреткен. Әскери патриоттық рухта тәрбиленген оқушылар, бүгінде жемісті еңбектерін жалғастыруда.
Александр Берездивин – аталмыш үйірменің түлегі. Қостанай жұртшылығына көкке самғауға мүмкіндік сыйлап жүрген азамат. Парашюттың спорттық түрін дамытуда. 1 шақырым биікте аспанға әуелетіп, экстримді қызық әсер қалдырады.
-Паращютқа қызығушылар көп. Жас жеткіншектер күнде келеді. Бірақ, бағасы қымбат болған соң, көбісі теріс айналып кетеді. Ұшақты жалға алады, парашютті алады, жалпы есеппен адам басына 15 000 теңге. 15 жасқа дейін ата-анасының қарауымен, ал одан үлкендері өздері келіп ұша алады. Жүрегі әлсіз, қан қысымы бар адамдарға рұқсат бермейміз. Себебі, биікке көтерілгенде бойыңды қорқыныш билейді, – дейді Александр Берездивин.
Кенже Қонысбай