Аймақтық пікірталас алаңы
Қостанайда ҚР Президенті Әкімшілігі өкілінің қатысуымен аймақтық семинар өтті. Диалог алаңындағы басты тақырып – қазіргі кезеңдегі діни саладағы мемлекеттік саясатты іске асырудың негізгі аспектілері. Ауқымды пікірталас алаңында облысқа қарасты қала мен аудан әкімдіктерінің ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен мамандары, Дін мәселелері бойынша облыстық, қалалық және аудандық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, ресми дін өкілдері кездесті.
Кездесу барысында ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің инспекторы Төребек Жаңабаев діни саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтары мен іске асырылу тиімділігін арттыру туралы айтып берді. "Қостанай облысы психологтарының қауымдастығы" ҚҚ төрағасы Юлия Калюжная семинарға қатысушыларды Қостанай көмек көрсету орталығы үлгісінде деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерді әлеуметтік-психологиялық оңалту бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы хабардар етті.
Сондай-ақ, мемлекет дамуының зайырлы принциптерін нығайту және жас ұрпақтың зайырлы санасын қалыптастыру, халықты деструктивті және радикалды діни идеологиядан қоршау, ақпараттық-түсіндіру және оңалту жұмыстарын жетілдіру және діни экстремизмнің алдын алу мәселелері көтерілді. Кездесу Қостанай облысы Дін істері басқармасы және "Социум & Я" ҚБ бастамасымен ұйымдастырылды.