Үлгілі зауыт, теңдессіз өнім
ҚР Парламенті депутаттарының Қостанай өңіріне сапары жалғасуда. Бүгін Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко Рудный қаласында болып, бірқатар өндіріс ошақтарын аралады.
Халық қалаулысы алдыменҚазақ арматуралық-оқшаулағыш зауытына атбасын тіреді. Мәртебелі мейманды кіреберісте зауыт директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Татьяна Рыбалко күтіп алып, елімізде теңдессіз өнім шығаратын компания туралы бүге-шүгесіне дейін баяндады.
– Эстондық «Глобал Инсулэйтор Групп» холдингінің құрамына кіретін серіктестік Қазақстанда 2013 жылдан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Қазіргі таңда біздің зауыт шыны оқшаулағыштарды жинаумен айналысады. Яғни дайын бөлшектерді Ресей мен Қытайдан алып, жылына 500 мың данасын құрастырамыз. Жұмыспен 30 адам қамтылған. Негізгі тұтынушыларымыз Қазақстан, Ресей мен Әзірбайжанның ірі электр энергиясын тасымалдаушы компаниялар, – деді ол.
Владимир Божко зауыттың биылғы жоспары, экспорттық әлеуеті мен инвестициялық мүмкіндіктері туралы сұрады. Татьяна Рыбалконың алдағы уақытта цехтың ауданын екі есеге арттыру, қолмен арқаулағыш станоктарды жартылай автоматтық конвейерлерге ауыстыру жоспарда бар. Бұл өндіріс көлемін 4 есе арттырып, 20 қосымша жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Олүшін 170 миллион теңгешетелдік инвестиция тартылмақ.Осылайша отандық өнімді Иран, Түркіменстан, Пәкістан және тағы басқа Азиялық елдерге экспортқа шығаруға мүмкіндік зор.
Мәжілісмен ешқандай банктен қарызы жоқ, теңдессіз өнім шығарып отырған серіктестіктің жұмысына көңілі толып қана қоймай, бір-екі кеңесін берді.
Әрі қарай Владимир Божко «ССКӨБ» АҚ Кадрларды даярлау орталығына келіп, еңбек ұжымымен жүздесті. Басқосуда ол Парламенттің 2017 жылы атқарған жұмыстарына тереңірек тоқталып, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» идеясын ел болып қолдауға шақырды.
Сапарының соңында қонақ Соколов кенішінің көру алаңында болып, кен алыбы шығаратын негізгі өнімдермен танысты.
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ