Торғайда жаңадан қонақ үйі ашылды

Бүгінде ел игілігіне арналған бағдарламалдар өте көп әрі тиімді. Ол үшін бағдарлама тиімділігін пайдалана білуге сауаттылық, ізденіс қажет екенінде естен шығармауымыз керек. Кәсіп ашқысы келген, еңбек етемін деген адамға тамыр – таныс іздегенше игілікті шапағаты мол бағдарламаларға арқа сүйеген әлдеқайда абзал.DSCF6178
Бүгінде көпшіліктің пікірлеріне назар аударсаң тиімді бағдарламалардың ережелерін мен заңдылықтарын жатқа біледі. Олардың қатарында “Қолжетімді баспан”, “Бизнестің жол картасы – 2020”, “Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” секілді бағдарламалар жетіп артылады. Аталмыш бағдарламаның игілігін пайдалана білген ауданымыздың байырғы тұрғыны, жеке кәсіпкер Салтанат Байділдина аудандық жұмыспен қамту орталығының ұйытқы болуымен “Жұмыспен қамту 2020 жол картасы” бағдарламасының екінші бағыты бойынша ауылдағы кәсіпкерлікті қолдау аясында 3 млн теңге көлемінде шағын несие алып, қызмет көрсету “Қонақ үйін” ашты. Бұған дейін Салтанат Хамитқызы жеке кәсіпкер атанып, аудан орталығындағы екі қабатты ескі ғимаратты өз қаражатымен қайта қалыпқа келтіріп, “Ди –Ди” шатханасына айналдырды.DSCF6199 Бұл да болса ел игілігі үшін қажетті. Ал жаңадан ашылған қонақ үйінің төрт жатын бөлмесі бар соның ішінде екеуі айырықша жабдықталған бөлме. Сондай – ақ бір ас үй, екі жуынатын бөлме оның сыртында. Бұл ұзақ мерзім бойы тұратын меймандар немесе бизнес жөніндегі кездесулерге жайлы мекенді қажет ететін іс – сапармен келген адамдар үшін жеке тұрғыдағы айрықша қонақ үй. Ондағы тағмдардың да сапасы жоғары. Сол себепті бағасы да қол жетімді.DSCF6184
“Кешен қонақтарының қауіпсіздігін күзет жүйесі қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар бейнебақылау мен заманауи өрт сөндіру жүйесімен жабдықтаймыз. Қонақ үйіміздің тұрақты қонақтарына алдағы уақытта жеңілдік тарифтері қарастырылады. Менің басты мақсатым бізге келген қонақтар біз көрсеткен қызметке риза болып, жақсы әсер алып, демалып қайтуы керек”, – дейді жеке кәсіпкер Салтанат Байділдина.
Жеке кәсіпкердің ендігі жұмыс жоспары қонақ үйінің сыртқы келбетін заманауи талапқа сай безендіріп, маңайына көшет ағаштарын отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын қолға алмақшы. Қонақ үйінің талаптары мен қағидаларына сәйкес білікті мамандарды жұмыспен қамтуды да ойға алып отыр. Ендеше кәсіптен нәсіп көзін тауып отырған жеке кәсіпкердің игілікті ісіне сәттілік!
 
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Жанкелдин ауданы 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓