Әлеуметтік салаға басымдық берілді

«Тағы бір мәселе – медициналық инфрақұрылымды дамыту. Жыл соңына дейін ел аумағында 13 жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынады. Ал 2025 жылға қарай Денсаулық сақтау саласына арналған 20 заманауи көпсалалы нысан пайдалануға беріледі. Бұл осы мақсатқа орай 1,5 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылады деген сөз. Елбасының бастамасымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында екі көпсалалы медициналық орталық салынады. Бұл орталық – еліміздің беткеұстар салалық мекемелеріне айналып, инновациялық өсімге және қолданбалы медицинаның дамуына тың серпін береді» деді Президент. Мемлекетіміз медицина саласына көп көңіл бөлсе екен. Әсіресе, біз сияқты арбаға таңылған жандарға. Себебі өздігінен жүре алмайтын адамдардың емханаға бару мүмкіндігі жоқ. Осындай жандарға арнап арнайы көлік ұйымдастырса. Жаппай індет таралған кезде, кеудені флюраграфияға түсіруге қатты қиналдық. Өйткені біздің сау адамдар сияқты тұрып түсуге мүмкіндігіміз жоқ. Ал көп жерлерде жатқызып түсіретін аппараттар жұмыс істеген жоқ.
Президент: «2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары болады» деді халыққа жолдаған Жолдауында. Әрине, дәрігерлердің еңбегі өлшеусіз. Пандемия кезінде бастарын қауіпке тікті. Ақ халатты жандар қандай құрметке де лайықты.
Аруна Жақсағұлова,
"Үміт-Надежда" қоғамдық ұйымының төрайымы
"Үміт-Надежда" қоғамдық ұйымының төрайымы