Сыр елінен сыңар ұпаймен оралды

1 маусым күні футболдан Қазақстан Ұлттық чемпионатының премьер-лига командалары арасындағы кезекті 15 тур ойындары болып өтті. Қызылорданың "Қайсарымен" кездескен "Тобыл" Сыр бойынан сыңар ұпаймен оралды.Алаң  иелеріне қарағанда қостанайлық футболшылар сәл ширақтық танытқанымен ойын барысында ешқандай өзгеріс орын алған жоқ. Вардан Минасян шәкірттері қызылордалық команданың қақпасын әлсін-әлсін торуылдаған, алайда  алаң иелері сәтті қорғана білді. Екінші таймда жерлестеріміз қарқындарына ептеп қарқын қосқан. Дегенмен, қанша жерден қос қапталдан аттандағанымен "Тобыл" футболшылары есеп ашатын бірнеше мүмкіндіктен айрылып қалды. Сөйтіп, қос қарсылас тең ойынға риза болып тарасты. Енді 14-ші маусым күні "Тобыл" футболшылары "Астанамен" кездеседі.
Қалған кездесулердің нәтижелері мына төмендегідей: "Спартак" – "Тараз" 0:1,"Атырау" – "Шахтер" 3:2,"Жетісу" – "Ақ-төбе" 1:0,"Ордабасы" – "Ертіс" 2:1,"Астана" – "Қайрат" 2:2
 
Турнир кестесі
О
Командалар
О
Ұ
Т
Ж
Д
Ұп.
1
"Ақтөбе"
15
10
3
2
23 – 4
33
2
"Шахтер"
15
8
2
5
22 – 16
26
3
"Қайсар"
15
7
5
3
19 – 11
26
4
"Астана"
15
7
4
4
14 – 12
25
5
"Қайрат"
15
7
3
5
18 – 13
24
6
"Ордабасы"       
15
6
3
6
16 – 16
21
7
"Атырау"
15
5
6
4
13 – 13
21
8
"Ертіс"
15
6
2
7
19 – 19
20
9
"Тобыл"
15
5
5
5
14 – 18
20
10
"Жетісу"
15
4
4
7
11 – 13
16
11
"Тараз"
15
4
2
9
11 – 20
14
12
"Спартак"
15
0
3
12
7 – 32
3
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓