Торғайлықтар игілігіне – жаңа кешен

Жангелдин ауданының Торғай кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. Жұмыс сапары барысында бұл іс-шараға аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов арнайы қатысты. Бұл туралы Қостанай облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұл жаңа кешен “Ауыл – ел бесігі” бағдарламасы аясында салынған. Құрылысына 541 млн теңге жұмсалды. Жалпы ауданы – 1601,4 шаршы метр. Нысанда 100 көрермен сыятын трибуна, жаттығу бөлімі, күрес, волейбол, бадминтон, үстел теннисі  залдары бар.– Біз өңірлерді дамыту үшін қолдан келгенше ауқымды жұмыстар атқарып жатырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бұқаралық спортты дамытуға ден қойдық. Жақында ғана Ұзынкөл ауданында дәл осындай спорт кешені пайдалануға берілді. Қостанай қаласында Стоматологиялық клининка ашылды. Лисаковка қаласында Мәдениет үйі бой көтерді. Осының барлығы мемлекеттік бағдарламалардың шарапаты деп білемін. Сіздерді бүгінгі спорт кешенінің ашылу салтанатымен шын жүректен құттықтаймын. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жас ұрпақты спортқа баулыңыздар. Кеше ғана әлем чемпионы атанған Сағындық Әшім – еліміздің мақтанышы. Келешекте де Торғай жерінің атын шығаратын спортшыларыңыз көп болсын,- деді ашылу рәсімінде облыс әкімі.Кешеннің лентасын Қостанай облысының, Арқалық қаласының, Жангелдин ауданының құрметті азаматы Кәкімжан Карбозов, спорт ардагері Ербатыр Рахатов және әлем кубогының жеңімпазы Сағындық Әшім салтанатты түрде қиды. Облыс әкімі облыстық, республикалық волейбол ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы атанған командаға доптар сыйлады. Сонымен қатар, жаңа ғимаратқа түрлі-түсті телевизор тарту етті. Бұдан соң облыс әкімі Жангелдин аудандық ауруханасына барды. Биыл мұнда 440,2 млн теңгеге модульдік қазандық құрылғысы бар хирургиялық корпусқа күрделі жөндеу жүргізілген. Аймақ басшысы жергіліктік медициналық мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты. Күрделі жөндеуден өтіп жатқан Ш.Уәлиханов атындағы мектепке арнайы соғып, жұмыстарды 30 қарашаға дейін аяқтауды міндеттеді.Сапар соңында өңір басшысы Жангелдин ауданының әкімі Шота Оспановқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын ілгерілету бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓