Қолда – намыс, нысанада – жеңіс
Қостанай облысында Қазақстан Республикасының VІІ Халық ойындары байрақ көтерді. Елдің барлық аймағы қатысатын кең ауқымды спорт додасының ашылу салтанаты халықаралық олимпиада күні қарсаңында өтті.

Төрт жыл сайын өткізілетін Халық ойындарының биылғы мерекесін ұйымдастыру Қостанай облысына аманатталған. Жарыс 13-24 маусым аралығында спорттың тоғыз түрінен өтеді. Атап айтқанда, өз өңірлерінен іріктеліп келген үздіктер қазақ күресі, тоғызқұмалақ, шағын футбол, волейбол, баскетбол, гір спорты, қол күрес және асық атудан сынға түседі. Осы жылғы додаға республиканың 17 өңірінен 1500-ден астам спортшы қатысып отыр. Бәсекеде 34 медаль сарапқа салынады.















Халық ойындарының қорытындысы туралы ақпарат дода аяқталған соң хабарланатын болады.
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков