Ақ желеңділер жарысқа түсті

medgonki2014 1Жуырда Таран аудандық оқушылар мен жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде медициналық қызметкерлер арасында спорттың эстафеталық түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.
Тамаша дәстүрге айналған спорт мерекесі бұрын аудан төңіре-гінде ғана өткізілетін. Биыл болса Таранның ақ халаттыларымен Федоровкадан келген орталық аурухана қызметкерлері күш сынасты. Тартысты дода басталардан бұрын жиналған қауым саналы ғұмырын медицинаға арнаған дәрігерлерге тағзым жасап, бір минуттік үнсіздік жариялады. Одан кейін денсаулық сақтау ісіне еңбек сіңірген бір топ қызметкерлерге алғыс хаттар табысталды.
Шыдамдылық, тапқырлықпен қатар алғыр ойды талап ететін спорт жарысы өте көңілді өтті. Ақ халаттылар адамның ойына да келмейтін командалық және жеке тапсырмаларды мүдірмей, қарсыластарын басып озуға тырысып бақты. Әсіресе су құю, сәбіз жеу, сумоистер жекпе-жегі, "крокодилдер" мен "құрбақалар" тартысы жанкүйерлерді күлкіге қарық қылды. Федоров аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Лариса Финктің айтуынша, дәл осындай спорт мерекелері салауатты өмір салтын ұстануға насихаттап қана қоймай, мамандардың күнделікті қарбалас тіршіліктен демалып, жұмысқа жаңа леппен кірісулеріне дем бермек.
Екі сағатқа созылған спорт мерекесінде әділ қазы алқалары қос командаға да кубок пен дипломдар табыстап, жарыста қызметкерлердің достығы жеңгендігін хабарлады.
Қуаныш       
     ЕСҚАБЫЛ
Таран ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓