Балалар мерекесінде
Жадыраған жаздың бірінші күні – Балаларды қорғау мерекесі. Бұл күні Қостанай қалалық әйелдер мен балаларға арналған бейімдеу орталығында да мерекелік іс-шара болып өтті. Бейімдеу орталығындағы барлық үлкен-кіші түгелдей дерлік атсалысып осы мерекені көңілді өткізуге тырысты. Баланың аты бала. Олар ән де айтты, би де биледі, түрлі-түсті бормен асфальтқа сурет те салды. Баланың барлығы да шағын болса да сыйлыққа ие болды. Орталықта балаларға арналған осындай мерекені ұйымдастыруға «Ассалия»ЖШС (басшысы- Д.Шаяхметов) қолдау көрсеткенін де айта кеткіміз келеді.
Гүлназым
САҒИТОВА
Суретте: мерекеден көрініс.