Егіс науқаны аяқталуға жақын
Өңір басшысы тұқым себу науқанының өте ауыр болғанын тілге тиек етті. Жұмысты тәмам еткен аудандар бар. Межені 75-80%-ға ғана атқарған өлкелерде де жоқ емес. Бұған дейін де айтқанымыздай, ауа райының қолай тудырмағаны кейбір аудандардың көш соңында қалуына себепші болды. Оған қоса, көптеген шаруашылықтар, күндіз-түні еңбек етуді тәртіпке қойғанымен, техниканың жиі сынуына байланысты тұралап қала беруге мәжбүр. Дей тұрғанмен, облыс диқандарының басым бөлігі 10-маусымда егін егу науқанын тәмамдауы тиіс.
Облыс әкімі егін егу жұмыстары біткеннен кейін де шаруашылықтарға арқаны кеңге салуға болмайтынын айтты. Егін ору жұмысына әлден әзірлене беру керектігін диқандар есіне салды.
Жандос Жүсіпбек