Елбасы облыс әкімін құттықтады

Құрметті Архимед Бегежанұлы!елбасы
Сізді және бүкіл Қостанай облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы – барша қазақстандыққа ортақ қуаныш.
Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты.
«Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Қостанай облысы да елордаға ерекше сый жасады.
Ұзақ қашықтықты қамтитын және толық жабдықталған велосипед жолағы адамдарға арналған қаладағы заманауи ортаның маңызды құрамдас бөлігі саналады.
Бұл велосипед жолағы саламатты өмір салтын насихаттап, елордада жаппай спортпен шұғылдану үрдісін дамытуға септігін тигізетін болады.
Астананы көркейтуге зор үлес қосқан Сізге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Н.Назарбаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓