“Шертердің жырын шерткендер”

Арқалықтағы облыстық қазақ жасөспірімдер театрында осындай атаумен "Шертер" ұлт – аспаптар ансамблінің өмірден өткен өнер қайраткерлерін еске алуға арналған тағылымды кеш өткізілді. Оған ансамблдің байырғы мүшелері, марқұм болғандардың ұрпақтары, жұбайлары, жақын жуықтары және өнер сүйер қауым қатысты.DSCF0528
Кешті "Шертердің" шекпенінен шыққан белгілі өнер майталманы, ҚР Мәдениет қайраткері О. Мұқатова жүргізді. ҚР Еңбек сіңірген Мәдениет және өнер қайраткерлері, "Шертер" ансамблінің байырғы мүшелері Т. Ізімова, Б. Сазабеков, ел ағалары Ж. Өмірбек, Ж. Ғапбасұлы, Ш. Байділдин, Қ. Нұрманов, С. Оташев, М. Тәшетовтер өнер майталмандарын зор тебіреніспен еске алып, қазақтан шыққан тұңғыш ұлт – аспаптар ансамблінің құрметіне ескерткіш орнату және олардың ізбасарларын даярлау сынды ұсыныстарын ортаға салды.
Ансамблдің негізін қалаушылардың бірі, белгілі өнер қайраткері Т. Елтебаевтың жұбайы Күнжамал Тоқайқызы елге алғысын білдіріп, қонақтарға естелік кітабын сыйға тартты.DSCF0522
Әсерлі кеште қайтпас сапарға аттанған өнер тарландарының орындауларындағы ән – күйлердің үнтаспалары тыңдалып, оны өнерлі жастар бүгінгі күнмен сабақтастырып отырды.
 
Мұрат Жүнісұлы
Суретті түсірген автор
Арқалық қаласы. 
                                                                                    

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓