Қант тапшылығы жоқ!
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің өкілі Әлішер Өмірзақ мәлімдеді.
"Кеше АШМ және СИМ хабарлағандай, бүгінгі күні елде қант тапшылығы жоқ. Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жеткілікті. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады. Яғни "үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады" деген ақпарат шындыққа жанаспайды",- дейді Ә.Өмірзақ.
Оның айтуынша, елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. Сондықтан министрлік ажиотажға ерік бермеуге шақырады.