Денисов ауданындағы кездесу

«Үміт» қоғамдық бірлестігінің төрағасы  Дүйсенғали Оспанов облыстағы мүмкіндігі шектеулі жандардың тыныс-тіршілігімен танысуды қол алған болатын. Жақында бірлестік төрағасы  Денисов ауданына ат басын тіреген еді.
Кездесуге ауданның тағдыр тауқыметіне ұшыраған жандары, тіпті балалар ата-аналар, күтушілермен бірге келді.%D0%98%D0%B7%D0%BE%D0%B1%D1%80%D0%B0%D0%B6%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5%20002
Дүйсенғали Оспанов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына тоқталып өтті. Әсіресе, мүгедек адамдардың қоғамға бейімделуі және еңбекпен қамтылуын тілге тиек етті.
Бірлестік төрағасының орынбасары Аруна Жақсығұлова жүріп-тұруі шектеулі адамдарға арналған көлік құралдарының қол жетімді екендігін әңгімелейтін бейне фильмді көрсетті. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан ғаріп жандардың өмірге бейімделуіне жасалып жатқан нақты іс-шараларға тоқталып өтті.    
Кездесуге келгендер көкейде жүрген сауалдарын қойды. Ал оларға жауап ақпараттық және психологиялық кеңес ретін берілді.
 
Махаббат Бекбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓