Теректен төнген қауіп

Терек түлеп, ұлпа ұшқындаған шақ. Кешелі бері бұрқай бастаған ағаш түктері көшелерде көшіп жүр, іргелерге мамықша төселіп жатыр. DSCN0795DSCN0790
Қай жағыңызға қарамаңыз – үсті-басын сүрткілеп, танау ұшын түрткілеп, тыжырынып бара жатқан тұрғындар…  Ақ ұлпадан аллергиясы бар кісілер құбылыстың алғашқы күнінен-ақ аузы-мұрындарын пердемен тұмшалап алыпты.DSCN0821
DSCN0820Енді біреулері тыныс алу мүшелерін уыстарымен бүркеп алып, таяу маңнан «маска» сататын дәріхана іздеп жүр.DSCN0822
Мына мамықтардың бәрі мәуесінен ажырап біткенше…DSCN0782
Апталар бойы, жаяулаған жұрттың мазасы қашып, әбігер кешіп, әуреге түсе тұрмақ.DSCN0791
Алаңдатары бұл да емес. Қорқыныштысы – тез тұтанғыш «немелердің» кесірінен өрт оқиғасы туындауы қаупінің зорая түсетіні. Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәліметіне сүйенсек, жыл сайын терек ұлпаларының кесірінен, кемінде, 30-40 өрт оқиғасы тіркеледі екен. Тополиный пух в МосквеОсыған орай, қостанайлық өрт сөндірушілер  тілсіз жаумен алысқаннан гөрі, жергілікті жұртқа ескертулер жасағанның әлдеқайда артық екенін жылда қайталайды.752002001337011215
Қауіптің алдын алудың жалғыз жолы – ұлпаларды жаппай су себу арқылы басып, шоғырлап жинау екенін айтады мамандар. Ал, шылымқорларға тұқылды бейсауат тастамау, ата-аналарға ойын балаларының оқыс жайттарды турдырмауына бақылау жасау – қайталай ескерте беруді қажет етпеуі тиіс!
 

Жандос Жүсіпбек

Суреттерді түсірген: Айтолқын Қапан

You may also like...

3 Responses

  1. Дана айтты:

    Тақырыпқа орай:

    Теректен жауды түбіт қар,

    Үміт бар және күдік бар.

    ………..

    ……..

          Әрі қарай не деуге болады? Жалпы сөз не жөнінде басталып тұр: табиғат па, адам ба, мәселе ме? Ара-тұра ақыл-ойға жаттығу керек. Немене, бәрің бірдей жалқаусыңдар ма? Әзіл ғой енд-ді…

    • web_redaktor айтты:

      Теректен төнетін қауіп мыналар – көптеген кісілердің денсаулығында ағза тітіркенуін тудырады, тез тұтанатын ұлпалар кесірінен өрт қаупі өрши түседі… Мәселе. Ал, сіздің ұсынатын тақырыптарыңызға не деуге болады? Бұл – лирикалық шығарма емес. „Үміт бар және күдік бар…„. Қандай үміт күтудесіз? Немене, бәріңіз бірдей ақынсыздар ма? Әзіл ғой енд-ді…

  2. Дана айтты:

    Терек ұлпасының салдарлары әркімге белгілі.Десе де мағлұматыңызға рахмет! Былай қарағанда мәселе емес секілді. Үміттенетінім- мүмкін жаңа әдіс тиімді болар. Ал күдіктенетінім – Аллаһ басқа салмасын болайын десе өрт бәрібір болады. Дегенмен сақтықта қорлық жоқ. Ал лирикаға келсек, өкінішке қарай тіршілікте драма мықты. Яғни, реалист үшін. Ал өзіңіз нағыз лириксіз, әркім өз ойынан хабар берсе керек. Яғни  қиялшыл адамсыз. Мұны мадақ ретінде қабылдаған дұрыс. Ақын болу қиын. Жазушы болғым келеді. Түбінде. Адам деген Асан қайғы болуы керек.Шама-шарқынша.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓