“Қайрақ” бекетінде көлік кептелісі бар ма?
Оған "Қостанай таңы" газетінің тілшілері көз жеткізіп қайтты. Бұл мәселеге қатысты Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілі бекет басына арнайы барып, мәлімдеме жасады.




– Мемлекеттік кірістер департаменті жүк көліктеріне деректі мониторинг жасайды. Яғни, тауар құжаттарын сканерден өткізіп отырады. Ол, бар болғаны, бір жүк көлігі үшін 5-8 минут уақыт алады. Ал жеңіл көліктердің бізге қатысы жоқ. Бекет басында экспорттық бақылау қызметкерлерінің алдында кезек жоқ, – деді Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Дәмір Насыров.


– Өзбекстаннан келе жатырмыз. Тексеріс жұмыстарының қалай жүргізілетінін білеміз. Әр жүк көлігін қарауға уақыт керек, сол себепті шыдамдылық танытамыз. Жүк көліктерінің санына байланысты. Кезегімізді тәуліктеп күткен сәттер де болды. Кейде күтуге тура келеді, енді бірде тез-ақ өте шығамыз, – дейді фура жүк көлігінің жүргізушісі, Өзбекстан азаматы Сардор Наматов.



Сералы МЫРЗАБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ