Адал ас
Елімізде соңғы кездері халал стандартының сертификатын алуға тілек білдірушілер қатары көбеюде. Солардың бірі – Бейімбет Майлин ауданындағы "Адал ұн" диірмен кешені.
Аталған сертификатты алу үшін, кәсіпорын арнайы тексерістен өткізілуі тиіс. Диірмен ұжымы ауданға арнайы келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша "Халал Даму" бөлімінің меңгерушісі Әлішер Балахметпен жолығысып, тексеру туралы ақпаратпен танысты. Кездесу барысында сараптама уақыты, тексеру мерзімі пысықталды. Аталған шаралардан соң "Халал Даму" бөлімі диірмен кешенімен келісімшарт жасайтын болады.
Аудан орталығында "Халал Даму" стандарты бойынша ет сататын сауда орнының ашылғанын айта кеткен жөн. "Халал Даму" өкілі сауда орнына барып, орталықтың тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Нұрсұлу Алмат.
ҚӨУ-нің 2 курс студенті.