Тұңғыш рет бокстан аймақтық жарыс

Топжарған спорт кешенінде жеткіншектер арасында бокстан аймақтық жарысы өткізді.
Жарысқа Арқалық қаласының жасөспірімдер құрама командасы арнайы келіп қатысты. 2 күнге созылған тартысты додаға Торғай ауылының және Арқалық қаласының боксшылары шаршы аланда өз өнерлерін көрсетті.
Нәтижесінде, 24 кг салмақ бойынша 1 – орынды Арқалық қаласының жас боксшысы Әділхан Сапаров жеңіп алды. Ал 28 кг салмақта қарсыластарын тізе бүктірген торғайлық Әлихан Әмірхан жүлделі бірінші орынды иеленді. Жанкүйерлерді тактикалық шеберлігімен тәнті еткен арқалықтық Темірлан Сейтқұл 32 кг салмақ бойынша жеңіс тұғырына көтерілді. Ең жоғарғы 46 кг салмақта бокстесіп, шаршы алаңда еркін жүріп, ұтымды соққы жасаған торғайлық Ербол Биғазин 1 – орын иегері атанды. 11046577_1592641761008401_5079451801701208083_n
Жарыс соңында жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және арнайы медалдармен марапатталды.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓