Жангелдиндегі мал өлімі күн санап артып барады
Күні кеше ғана белгісіз кеселден киік қырылған елді – мекенде енді мал қырылып жатыр. Ауыл тұрғындары қолдарындағы азын-аулақ малдарын аман алып қалу жолдарын қарастыруда. Жергілікті жұртшылықтың айтуынша Албарбөгет ауылдық округіне қарасты аумақта бас – аяғы он күнде 100 бас ірі қара өлген. Дей тұрғанмен, сала мамандары малдың жаппай қырылуын ресми түрде растамады. Өлім-жітімнің жиілегенін де, жоққа шығармады.
Көлқамыс ауылындағы Сыма – К шаруа қожалығының жетекшісі Манат Карбозовтың мәлімдеуінше бұзау, қашар, тайынша, ірі сиырларын қоса есептегенде 41 ірі-қарасы шетінепті. Бертін келе бас, аяқтары ісінген жылқылары да жығыла бастаған. Өрісте жүріп құлаған малдардың өлекселері тиісті орындарға көмілмей жайылымда шашылып жатыр. Мал өлімі өткен аптаның аяғында жиілей түскен.
Маман пікірі
Берікжан Қайыпбай, облыстық ветеринария басқармасының басшысы:
Торғай төсінде мал қырылып жатыр деген суыт хабарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы естідік. Билік басшыларының тапсырмасымен облыстық деңгейде арнайы комиссия құрылып, Жанкелдин ауданына жіберілді. Тексеру амалдарын жүргізу барысында, 16 ірі-қараның шетінегені анықталды. Оның 9-ы «Айдос» шаруа қожалығынан, қалғаны «Сма-К» шаруашылығына тиесілі. Сараптау жұмыстарының қорытындысына сай, мал өлекселерінен жұқпалы дерттің белгісі анықталмады. Ірі-қаралар өкпе, ішек қабынуынан шетінеген. Қарапайым тілмен айтқанда, көк жөтелге шалдығып, қыстан көтерем шыққан малға дұрыс ем-дом жасалмаса, жаз шыға тұмсығынан қан кетіп өледі. Өлген малды сойғанда, өкпелерінің қарайып кеткенін аңғардық. Сараптама да, осыны көрсетті.
БАҚ-та айтылып жүрген, белгісіз аурудан өлді деген 79 малға тоқталар болсақ, «Сыбаға» бағдарламасына қатысып, ірі-қараны көбейтуге ден қойғандардың қолдағы малы шетінесе, мемлекет тарапынан жеңілдік көрсетіледі дегендей, жаңсақ пікір қалыптасқан. Мемлекеттен жәрдемақы алу мақсатында, көпшілік қыстан бері өлген малдарын түгендеуге кіріскен сыңайлы. Мұның барлығын да, арнайы құрылған комиссия анықтайтын болады.