Біздің түлегіміз «Qazaqstan дауысы» жобасында

   Қостанай NIS 2020 түлегі Әлия Намиялиева «Qazaqstan» ұлттық телеарнасындағы «Қазақстан дауысы» танымал вокалдық жобалардың бірінің қатысушысы болды.
       Мектебіміздің түлегі, қазіргі таңда Назарбаев Университетінің студенті Әлия Намиялиева «Қазақстан дауысы» музыкалық жобасының қатысушысы және «Қазағым-ай» әнін көрмей  тыңдауында сәтті орындап, Сәкен Майғазиев командасына өтті.
            Әлия біздің мектепте 7 сыныптан, яғни мектеп ашылған жылынан бастап оқыды. Осы мектептің 2019-2020 оқу жылының түлегі. Мектепте болатын мерекелік іс-шаралардың белсенді қатысушысы. «Қазақстан – жаңа әлемде», «Ата салтым – асыл мұрам» атты шығармашылық конкурстар мен «Туған елге тағзым» жобасы, сондай-ақ тағы да басқа жобалардың белсенді қатысушысы.
      – Көптеген мектепішілік концерттерде көрініп жүрген алтын дауысты оқушыларымыздың бірі. Мектепішілік шаралардың барлығы Әлиясыз өтпейтін десек те болады. Әлия әрқашанда білімі мен тәртібі жағынан үздіктердің қатарында болды. Мектепте оқып жүрген кезінде академиялық білімімен қоса көптеген шығармашылық сайыстарға қатысып, жеңістерге жеткен. 2018 жылы Халықаралық «Алтын микрофон-2018» конкурсына қатысып, 70 қатысушының ішінен жеңімпаз атанды. «Бозторғай» ән байқауының да жеңімпазы, – дейді Қостанай қаласындағы НЗМ директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Маслихат Зәмірбекқызы.
            Әлияға тележобада жеңіс пен музыка әлемінде одан әрі дамуына тілектеспіз!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓