Қазақ күресі

4095~1Қазақ күресі елімізде қарқынды дамуда. Сол секілді, біздің өңірімізде де енді-енді қанат жайып келеді.
Өткен аптада қазақ күресінен аудандық чемпионат жалауын желбіретті. Бұл балуандар бәсекесіне өңірдің барлық түкпірінен келген ұлттық спортта асығы алшысынан түсіп жүрген талантты спортшылар қатысты. Маңызы зор жарыста жеңіске ұмтылып, өз шеберліктерін паш еткендердің жолы болды. Яғни,  чемпионатта "чемпион" атанамын деп белдескендер шамаластарын шаң қаптырып, жеңіс тұғырынан көрінді.
Айталық, 1998-2000 жылы туылған жасөспірімдер арасында – Николай Лагода (25 кг), Данияр Амангелді (30 кг), Диас Қожахметов (35 кг), Жомарт Бөкенбаев (40 кг), Бақытбек Мусин (45 кг), Мәди Ибраев (50 кг), Бахтияр Джумаев (55 кг), Тимур Молдабеков (60 кг), ал жастар мен ересектер бойынша – Тәттімбет Мусин (60кг), Игорь Сидоров (80 кг), Олжас Нығметжанов (+90 кг) сынды спортшылар болды. Сондай-ақ,  "түйепалуан"  атағын  ең ауыр салмақта топжарған Олжас олжалады.  
Руслан ӘЛКЕЙ.
Сарыкөл ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓