«Үміт-Надежда»-жеңімпаз
Қостанайлық «Үміт-Надежда» ҚБ Орталық Азия елдерінің арасындағы «Social Partnership Prize» байқауының жеңімпазы атанды. Марапаттау рәсімі Алматы қаласында 2 маусым күні өткен болатын. Аталған қоғамдық бірлестік төрағасының орынбасары Аруна Жақсағұлованы жергілікті БАҚ өкілдері әуежайдан күтіп алып, жеңісімен құттықтады.Бұл байқау ҮЕҰ-дар мен мемлекеттік органдардың арасындағы әлеуметтік әріптестікті нығайтуға арналған. Оған Орталық Азия елдерінің өкілдері қатысты. -Қазақстанның атынан байқауға қатысу мүмкіндігі бұйырды. Сондықтан мемлекеттік тапсырыс арқылы жүзеге асырып жатқан жобаларымызды ұсындық. Мүгедектердің мәселелерін шешуде облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесе жұмыс істейміз. Біздің жобамыз көпшілікке ұнады. Еңбегіміздің бағаланғанына қуаныштымын,-деді Аруна Жақсағұлова. Жеңімпаздарды әуежайдан қарсы алуға облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері де барды. Аруна Жақсағұлова байқауда алған екі мүсіншенің (сатуэтка) бірін аталған басқараға табыстады.
Қымбат Досжанова
Суретті түсіргне Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
Суретті түсіргне Бағдат АХМЕТБЕКОВ.