Рудныйдағы риясыз әңгіме

Газет жанашырлары "Қостанай таңының" Рудныйдағы күндерінде болып, журналистермен емен-жарқын сыр бөлісті.
Жаңалыққа жаны құмар оқырмандарымызға бұдан бұрын хабарлағанымыздай, "Қостанай таңы" газетінің өңіріміздегі күндері одан әрі жалғаса түсуде. Бұл жолы басылымымыздың Бас редакторы Жанұзақ Аязбекұлы бастаған бір топ журналистер кезекті сапарын асты мен үсті байлыққа толы кеншілер қаласы Рудныйдағы №7 қазақ орта мектебінде болып, қалың оқырмандарымен жүздесіп қайтты. Газет редакциясы ұжымын қала әкімінің орынбасары Мақсұт Досболов, мектеп директоры Қымбат Бірманова және басқалары қарсы алды. Мектептің мәжіліс залына газеттің байырғы оқырмандары, зиялы қауым өкілдері, жергілікті билік өкілдері көптеп жиналды. Бұл сапардың облыс аймағында неліктен ұйымдастырылып жатқандығын бас редактор әңгімелеп берді. Сапарымызды әу бастан қолдап, жанашырлық танытқан жандардың бірі елімізге танымал ақын, жазушы, ғалым, публицист Серікбай Оспанұлы да сөз сөйлеп, ақжарма ниетін көрсетті. Сондай-ақ, газетімізге тағы да өзіндік қолдау көрсеткен Челябі мемлекеттік университеті Қостанай филиалының жанындағы "Жаным" сән театры ұжымы да өнерлерін паш етті. Мектеп өнерпаздары мың бұралып би билеп, күмбірлете күй төгіп ерекше әсерге бөлей түсті.
Әлсабыр Дәрменбаев,
Зейнеткер, "Рудный қаласының құрметті азаматы", "Қостанай таңы" газетінің жанашыры:
"Халық барда газет бар"

Жеңістің 69 жылдығы қарсаңында газет өткен тарихын қайта қозғап, әр жылдарда тізгінін ұстаған басшыларды, журналистерін бірсыпыра жазып шықты. Соған көңілім кәдімгідей қуанып қалды. Себебі, келер ұрпақ тарихты біліп жүру керек.
Газетімізде ертеректе үзбей беріліп тұратын "Бас редактор бағаны" айдары болатын. Сол кейінгі кездері көрінбей кетті. Жаңа басшы – Жанұзақ інім келгелі сүйікті айдарымызбен қайта қауыша бастадық. Сол дәстүрді қайта
жалғағандарыңызға алғыс айтпақшымын. Жақында ғана еліміздің оңтүстік облыстарына тікелей жүретін поездың болмауы турасында көтерген мәселеңізді бірауыздан қолдаймын. Осындай түйткілдерді жиі-жиі беріп тұрсаңыздар оқырман қауымға жақсы болар еді.

Сіздерге айтар бір өтінішім бар. Газет бетінен қаламыздың тыныс-тірші-лігі, кен байыту комбинатындағы жұ-мысшылар өмірі көрінсе екен деймін. Және де көше аттарын қайта өзгертіп, осы қаламызға, елімізге еңбегі сіңген азаматтар есімі лайықты беріліп жатса деген тілектер айтқым келеді. "Газет жанашыры" деп құрметтеп жатқандарыңызға дән ризамын. Биағаң іргетасын қалаған сүйікті газетім "Қостанай таңына" жанашырлық етпегенде, азаматтығыма сын болмай ма? Халық бар да газет бар. "Қостанай таңы" халықтың сөзі, үні!
Мақсұт Досболов,
Рудный қаласы әкімінің орынбасары:
Тыңнан түрен салған

Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдары халық санасында қазіргі заман адамының өмірі мен қызметінің салтын қалыптастырып, азаматтардың мінез-құлқы мен дүниетанымын реттейді, саяси ұстанымдарына ықпал етеді. Осы тұрғыдан алғанда Қостанай облысында "Қостанай таңы" газетіне жететін басылым жоқ. Сондықтан басылымның одан әрі өркендеп дамуына біз де қолдан келген көмекті жасауға даярмыз. Сіздерге шығармашылық табыс, істеріңізге сәттілік тілеймін. Оқырмандарыңыз күн санап арта берсін!
Серікбай Оспанұлы,
Ақын, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры:
"Газет ең алдымен халыққа қызмет етуі керек"

Жарық "Таңым"
Тағдырдың талмай жауын, дауылынан,
Көз жазбай қауымыңнан, бауырыңнан,
"Қостанай Таңы", бүгін арайландың,
Бастау ап Бейімбеттің ауылынан.
Жайылып әрқашанда жаның жанға,
Орандың талай отқа, жалындарға.
Алдыма ап отырушы ем Алматыда,
Қостанай, Торғайымды сағынғанда.
Едің-ау бағалысы бағалының,
Күтумен өтті өзіңді бала күнім.
Келгендей болушы едім елге барып,
Бетіңнен оқып ауыл жаңалығын.
Жетелеп енді жастық жолдарыма,
Бастайсың арманымның гүл-бағына.
Қамқор боп қанат берген "Жолым" өзің,
Алғашқы тәй-тәй басқан жырларыма.
Дарханым, данагөйім, сен шырыным,
Өсірдің бәйтерек қып ел шыбығын.
Өзіңнен өсіп-өнді Сырбай-Ғафу,
Қонысбай, Сейіт, Серік, Кеңшілігім!
Үңілсем бүгін сенің беттеріңе,
Қалықтап кеткендеймін көк төріне.
Елімнің ен тарихы сенде жатыр,
Бастайсың өткеліме, өткеніме!
Өзіңді сыйлап өстік данадай біз,
Өзіңді қимай өстік анадай біз.
Өзіңде еңбек еткен журналистер
Бір емшек емген бүгін баладаймыз!
Халықтың үні өзіңсің,шабытқа мін,
Үйлестір, үйрен, үйрет, таныт бәрін!
Жол көрсет Бақыт, Шаттық ауылына
Газетім – алып дарын, жарық "Таңым!"
оқырманға құрмет
Ғабдолла АХМЕТЖАНОВ, "Қостанай таңы" газетінің жанашыры, қала тұрғыны:
"Біреудің жырын жырлаудың қажеті жоқ"

Бас редактор Жанұзақ Аязбеков Ғабдолла Ахметжановқа "Алғыс хат" тапсыруда.
Сәлім МЕҢДІБАЙ, Бас редактордың орынбасары:
Жастық шағымның қаласы


Екі жылдан кейін оқуға түстім. 1966 жылы бірінші курсты бітіріп, өндірістік тәжірибеден өтуге Қостанайға келдім, сол кездегі «Қостанай таңы» газетінің редакторы Бақытжан аға Жангисиннің алдынан бір-ақ шықтым.
Бәкең бірден штаттағы қызметкер етіп, бұйрық берді, үйге барып, ата-анаңды қуант деп бес күнге іссапарға жіберді. Қашан тәжірибе мерзімі біткенше әкемдей қамқорлық жасады.
Содан бергі қырық үш жыл бойы «Қостанай таңына» қызмет етіп жүрсем, сол Бәкеңнің, көшелі азамат, көрнекті қаламгер Бақытжан ағаның арқасы, соның қолдауы, ақ батасы.
Өмір бойы сол аға сенімін ақтауға, қасиетті қара шаңырақ – «Қостанай таңының» беделін арттыруға шама-шарқымша күш-жігер жұмсап келемін. Соны мақтан етемін.
Газеттің жас тілшілері: Нұрсила Мейірімханова мен Гүлназ Алпысбаева Сәлім Меңдібаевтың қолынан куәлік алуда.
Арман Хасен, "ССКӨБ" АҚ ақпараттық орталығының басшысы:
"Көше атауларын қазақша сайратсақ қой…"

Қазіргі таңда көптеген мәселелерді шымырқанып айтып, шырылдата жазатын осы "Қостанай таңы" ғана. Одан басқа барар жер, басқа газеті жоқ. Сондықтан сіздердің жазғандарыңыз билік пен халыққа жетіп, әлеуметтің рухани дамуына азық болса деген тілек бар.
Айжарық АХМЕТОВ, қала тұрғыны:
"Комбинатта оқып жүр…"

Нағашыбай Серікбаев, "Қостанай таңы" газетінің жанашыры, қала тұрғыны:
"Өзімізді өзіміз қолдамасақ, бізді ешкім қолдамас"

"Дамыған ел газет оқиды, дамушы ел радио тыңдайды, дамымаған ел теледидар көреді" деген тәмсіл бар. Олай болса, сіз бен біз төл газетімізді қандай деңгейде жаздырып алып жүрміз. Шыны керек, бүгінде басылым таралымы көңіл көншітпейді, оның қасында "Костанайские новостидің" таралымы көп. Бұл қазақтығымызға сын емес пе? Ғасырлар бойы бодандықта болып, еңсесі езілген, намысы тапталған, рухы сөнген халықты оятатын кез жетті. Ол үшін әр мектеп оқушысы өзінің ата-анасына газетке жазылуына ықпал етсе, газет жанашырлары үй-үйді аралап, қолға-быс көрсетуі қажет. Себебі, өзімізді өзіміз қолдамасақ, бізді сырттан келіп ешкім қолдамайды, жақтамайды. Осының барлығын ескерген жөн. Құр сөзден, нақты іске кірісейік, мұқтарам жамағат!
Қымбат Бірманова,
№7 орта мектебінің директоры:
"Мектеп өмірін қамтитын мақалаларды көрсек дейміз"

Анжелика Ткаченко,
Әлеуметтік зерттеу орталығының жетекшісі
Зерттеу орталығы – жаңа құрылым

"Қостанай таңы" газетінің жанынан құрыл-ған әлеуметтік зерттеу орталығының жетекшісі Анжелика Ткаченко сөз сөйлеп, орталықтың қызметі төңірегінде әңгіме өрбітіп, халық назарына қысқаша бейнебаянды ұсынды. Сондай-ақ, Бас редактордың орынбасары Жұматай Кәкімжанов басылымның жаңадан ашылған электронды сайты жайында оқырмандарға баяндап берді.
Танымал әнші, Е.Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармониясының әншісі Манапбек Қадыров "Қостанай таңының" оқырмандарына Үкілі Ыбырайдың "Жиырма бесі" мен Серік-бай Оспанұлының сөзі мен әніне жазылған "Тобыл ағады" әндерін тарту етті.
Серік МЫРЗАХМЕТОВ, №19 мектептің директоры
«Бала жастан қолымнан түспейтін газет еді»

Жаңа қаладағы №7, №15 мектептерге, Ыбырай Алтынсарин атындағы колледжге және басқа мекемелерге редакцияның алғыс хаты тапсырылды. Залда отырып, апырай-ай, мұн-дай құрметке біз де лайық едік-ау деген ой келді. Әрине, бұл өкпе емес, оқырман ретіндегі наз.
РЕДАКЦИЯДАН: Құрметті Секе! Назыңыз өте орынды. Сол наздың артында да «Қостанай таңына» деген шынайы құрметіңіз бен жанашырлығыңыз жатқанын сезіп отырмыз
Осынау жолдарды Сізге деген алғыс, ризашылығымыздың бір көрінісі деп қабылдаңыз. Өзіңіз сияқты жанашырлар барда «Қостанай таңының» да жалауы желбірей бермек.
Райса Тоймырзақызы, психолог, қала тұрғыны:
"Тілге шорқақтық танытпайық"

Жанашырлар клубы құрылды

Жаным сән театрының ұжымы өнер көрсетуде

Өнерлі отбасының ұрпағы, тұрақты оқырманымыз Динара Жүмекенова алғыс айтуда
Сондай-ақ, жазу өнеріне талаптанып, талпынып жүрген, тырнақалды туындылары газет бетінен жарық көрген жас тілшілерге белгілі журналист-жазушы Сәлім Меңдібай "Қостанай таңының" жас тілшісі" куәліктерін табыс етті. Олардың арасында Гүлназ Алпысбаева, Нұрсила Мейірхановалар бар.
Алдағы уақытта "Қостанай таңының" күндері басқа өңірлерде де жалғаса береді.
(Газетіміздің Рудный қаласында өткен күндерінің
толық суреттері мен бейнебаянын сайтымыздың
галерея топтамасынан тамашалай аласыздар).