Жүлдемен оралды

Серік Алпысов белгілі жыршы Нағашыбай Алпысовтың ұлы. Әкесіне тарта туған өрен өнерден құралақан емес. Өңірдің атын шығарып, бар үлесін қосып жүрген азамат. Ұйымдастырушылар әншінің «Қассақ» тобымен орындаған әндерін және де ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың 150 жылдығына арнап жазылған поэмаларын тыңдаған. Олардың ел арасында кеңінен таралып, елдің ыстық ықыласына бөленіп жүргендігін көрген. Осы еңбегі үшін рухани ерекше бағытты жанр деп «Этно әнші» номинациясы мен «MuzLife» және «Zhuldyz TV» статуэткасын табыстаған.
-Үміткерлер өз әндерін орындап, экран алдында өнерлерін паш етті. Жеңімпаздар қырағы көрермен мен республикалық телеарнаның «Жыл қорытындысы» деп арнап берген номинацияларына ие болды. Жыл қорытындысы болғандықтан әр әншінің инстаграм парақшасын да бағалап, әншілердің жыл бойы өнерге қосқан үлсін пайымдап, бағаларын берді. Бала күнімен әнші болсам деп армандайтынмын. Алматыда ән салып, осындай сый алу мен үшін үлкен қуаныш, жетістік, - деп жаңалығымен бөлісті әнші.