Малымды алып мәңгітіп кетті…

Елдің көкейінде жүрген мәселелерін айтуға мүмкіндік жасаған басылымға алғыс білдіре отырып, өзімді мазалаған мына бір жайтқа тиісті орындардың назар аударып, көмектесулерін сұраймын.%D0%90.%D0%A1%D2%AF%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D0%B5%D0%B2
Осыдан 5 жыл бұрын Андрей Михайлович Решетняк деген азамат менен 110 бас ұсақ мал алды. Бұл жөнінде оның өз қолымен жазып берген қолхаты (Сол кезде мен үйде болмағандықтан қолхатты ұлым Асхаттың атына берген) бар. А. Решетняк берген қолхатында малдың ақшасын сол жылдың қараша айының 1 – де қайтарамын деп міндеттелген.DSCF0020
Оған сенім артуымыздың себебі, ол осының алдында да бізден мал алып, ақшасын уақытылы қайтарып сенімімізге кірген болатын. Бұл жолы да солай қайтарады ғой деп риясыз сеніп қалдық.
Бірінші қарашада білгенім А. Решетнякты полиция ұстап, үстінен мал ұрлығы туралы қылмыстық іс қозғапты.DSCF0025
Арқалық қалалық ішкі істер басқармасына арызымды алып мен де бардым. Алайда, бұл азаматтық іс болғандықтан оған қылмыстық іс қозғалған жоқ. Жауапкер А. Решетняк маған алған малдың өтемі ретінде өзінің автокөлігін ұсынды. Мен одан бас тарттым. Өйткені, мен зейнеткермін, малдың арқасында күн көріп, отбасымды асырап отырмын.DSCF0016
Арқалық қалалық сотында азаматтық іс қаралып, менің пайдама 888 мың 800 теңге өндіру жөнінде шешім шығарылған. Алайда, осы уақытқа дейін одан ешқандай дерек түскен жоқ.
"Мал ашуы – жан ашуы" деген. Жасым 77 – де. Айдың күннің аманында ақадал малымды алдыртып, одан ешқандай пайда көрмей күйзеліп жүрмін.DSCF0018
 Мені мазалап жүрген осы мәселені шешудің қандай амалы бар? Айтыңдаршы…
 
Алпыс Сүлекеев, зейнеткер
Қайыңды ауылы, Арқалық қаласы.
 
Маман пікірі:
DSCN0401Алексей Проценко,  «Қостанай таңы» газеті редакциясы» ЖШС заңгері 
Сот үкімі шыққаннан кейін оның орындалуы сот орындаушылардың құзырына жатады. Сондықтан Алпыс Сүлекеевке А. Решетняктің тұрғылықты мекен-жайы бойынша сот орындаушыларына жолығуы қажет. Өткен жылдан бері жеке меншік сот орындаушылар қызметі енгізілді. Олармен де, жұмыс істеуге болады.  Жеке сот орындаушыларының  жұмыс істеу тәсілдері, құзыреттері мемлекеттік органнан кем емес, ешбір шектеу қойылмаған. Тек,  қызметтері ақылы. Десек те, жеке сот орындаушыларының қызмет ақысы жауап беруші тараптан өндіріледі. Алпыс Сүлекеев өзіне қолайлы кез-келген сот орындаушысының көмегіне жүгіне алады.
 
 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓