Қала күніне құттықтау жолдағыңыз келе ме?

Қуанышты бөліссе – көбейеді. Ал, қай мерекенің де қойнауында – шаттық, мазмұнында – береке. Қостанайлық жұртшылықты көрікті мейрам – Қала күні тосып тұр. Біз қалай қарсы аламыз?костанай
Кез келген мейрамның немесе ауқымды іс-шаралар қарсаңында қаланың қақ ортасындағы LED-экраннан бейне құттықтаулар берілетінін жақсы білеміз. Бұл жарасымды дәстүр тамыз айының бел ортасында думандатылатын Қала күніне орай жалғасын таппақшы.  Көпшілік тілегіне тамшыдай лебізін қосқысы келген Қостанай тұрғындарының қай-қайсысына да ерік беріледі. Қаланың қонақтары да, тіпті өзге өлкеде, шетелде жүрген азаматтар  үн қоса алады.
Шара мұрындықтарының айтуынша, құттықтау кез келген тілде қабылданады. Ал, бейнетаспаны әркім өзі қалауынша жазады. Дегенмен, құттықтаушыларға қойылар шарттар да бар: таспа ұзақтығы 2 минут көлемінде және, мүмкіндігінше, әлдеқандай көрікті жерлердің алдында (шетелдік достарының немесе танымал кісілердің қасында) түсірілгені абзал. Бейнежазбалар samat.76@inbox.ru немесе inf_otd@mail.ru желілік мекенжайлар бойынша қабылданады.
Көрікті қаланың көркем мерекесіне алғаусыз тілек, ақжарма лебіздерімізді жолдауға асығайық!
 
Жандос Жүсіпбек

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓