119 балл алған екі түлек
Үстіміздегі жылғы 3 маусымда облысымыздағы А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ-да, Рудный қаласындағы индустриалды институтында, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемпединститутында орналасқан тестілеу пунктерінде мектеп бітіруші барлығы 1020 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырып, сынға түсті. Ал, 4 маусымда облыс орталығындағы З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінде және аудан орталықтарында орналасқан жеті тестілеу пунктінде мектеп түлектеріміз ҰБТ тапсыратын болады.
Енді бүгінгі, 3 маусымда өткен ҰБТ-ның нәтижесіне келер болсақ, облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және орта жалпы білім беруді дамыту бөлімнің жетекшісі С. Еришованың айтуынша, жалпы, мектеп бітіруші түлектердің орташа баллы -77,83. Сапасы -37,16. ҰБТ тапсырған «Алтын белгіге» үміткер елу бес түлектің он жетісі өздерінің білімдерін дәлелдеп шықты. Облысымыздың екі оқушысы ҰБТ-да ең жоғары- 119 баллды алды. Бірі, Арқалық қаласындағы №4 орта мектептің оқушысы Сахан Ерхан болса, екіншісі А. Шотаев атындағы Боровской орта мектебінің оқушысы Дина Сансызбаева.
Гүлназым САҒИТОВА
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков