Тазалық сақталса екен

Қостанай қаласы Складская көшесінде ірі сауда орындары орналасқан. Ұзыннан ұзақ созылып жатқан бұл жердің кіре берісі аса бір ұқыптылықпен тазаланған, бірақ әріқарай жүрсеңіз көңіліңіз құлазитыны бар. Мәселен кіріп келгендегі бірінші бұрылыста солға бет алсаңыз, жүре келе жағымсыз иісті сезесіз. Әрине,  мұндай ірі сауда орындарында тұрмыстық заттардың әр түрлі иісі сезілуі әбден мүмкін. Бірақ бізге сезілген дүние күдік тудырды. Бетімізді тұмшалап өте шыққан болатынбыз.ahJ35jpq4vY
         Арада 4 күн өткен соң шаруашылыққа қажетті дүниелер іздеп қайта бардым. Әлгі жерде қайтадан тұмшаландым, бірақ бұл жолы бей-жай қарай алмадым. Қайдан шығып жатқанын, не нәрсе екенін анықтағым келді. Қураған шөп арасында қаптаған темекі тұқылдары мен арақ бөтелкесі жатқан жерде бақсам өлген мысықтың денесіне ұқсас бірдене жатыр. Бір қарағанда мысықтың терісі секілді көрінеді. Ал оған жақындап барып көз жеткізу мүмкін емес. Жағымсыз иіс қолқаны қабады. Әрлі-берлі өткен адамадар да бұл иісті сезінбеуі мүмкін емес. Фотоаппаратымның жанымда болғаны жақсы болды. Суретке түсіріп алдым.
Бұл деген халық көп шоғырланатын жердегі тазалық шараларынын сақталмағандығы. Әсіресе соңғы уақыттағы ыстықта бұл жердің ауасымен тыныстаудың өзі денсаулыққа қауіп. Демек мұндай келеңсіздіктерге жол бермеуіміз қажет.EQEVm0tJcyg
         Дәл осы «Складская көшесі, 6» деген мекенжай белгісінің астында жатқан бұл қоқыстарды кім тастағанын білмекке қарама-қарсы дүкенге бас сұқтым.
– Оны кім тастағаның қайдан білейін. Өзімнің ауламды таза ұстаймын, керексіз дүниелерімді белгіленген орынға қойып қоямын. Осы жердің қоқыс тазалаушысы келіп күндегісін – күнде алып кетіп отырады. Ол үшін айына 1 500 теңге төлеп тұрамыз. Ал сіз айтқан жерге кімнің жауап беретінін білмейді екенмін. Бірақ қыс кезінде де ол жерде қоқыстар жататын, -деп аты-жөнің көрсетпеуді өтінген сатармандардың бірі жауап қатты.
         Бұдан соң уақыт оздырмай қаладағы СЭС мамандарына баруды жөн көрдім. Ол жерде маған суреттегі мәселе бойынша  «Қазақстан Республикасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Қостанай облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне» жолығу керектігін жеткізді. Ал ондағы мамандар телефон арқылы  «Біз ешқандай суретке пікір білдіре алмаймыз», – деп қысқа қайырды.A9mAg6-AwUA
         Бұлай етуімнің себебі біреу ғана: жоғарыда аталған көше бойымен тұтынушы халық  жиі жүреді, ал мұндай жерлерде санитарлық тәртіп қатаң қадағалауда болғаны дұрыс. Ең бастысы, тазалық сақталса екен деген көпшіліктің тілегі ескерусіз қалмаса деген ой.
 
                                                                  Жанболат КЕНЖЕҒҰЛ

You may also like...

1 Response

  1. Инкар айтты:

    "Өзімнің ауламды таза ұстаймын…Ал сіз айтқан жерге кімнің жауап беретінін білмейді екенмін"-халықтың осы ойы қате сияқты. Тек өз ауласын ғана емес, өзгенің ауласын да тазаламаса да, тазалатқызу керек сияқты. Жалпы, айтқанда, халық өздерін өздері улайды. Өздері шара жасау қажет

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓