Өмір мен өлім ортасында

(Болған оқиға ізімен..)

Жесір әйел ауыр дерттен көз жұмған жалғыз баласының сау ағзаларын мұқтаж науқастарға кесіп беруге келісімін берген. Бірнеше айлар өтеді. Жұбайынан кейін баласын жер қойнауына тапсырған әйел жан жарасынан айыға алмай,  бұл жолғы туған күнін жалғыз өткізіпті. Бөлемелерде шыбынның ызыңы ғана естілетін үйде ана жалғыз отырып, мұңға батады. Бір мезетте үйдің есігіне қоңырау шалынады. Туған күн иесі ешкімді күтпесе керек. Есікті ашып қалса, қолдарына гүл шоқтарын ұстаған екі жігіт пен екі бойжеткен тұр екен. «Сәлеметсіз бе, мама! Туған күніңізбен» – деп келіп тұрған баласының ағзасын бөліп беріп, өмірлерін сақтап қалған жастар екен. . . IMG_9132
Адамның жанын тебірентетін осы тектес оқиғалар аз емес. Облыстық аурухананың анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі,  Қостанай облысындағы  трансплантологиялық арнайы бригаданың жетекшісі, медицина ғылымының кандидаты  Александр Сачко «Қостанай таңына» берген сұхбатында адам ағзасын ауыстыру, донор мәселесін көтереді. Өлім мен өмірдің ортасында жүрген ақ халатты абзал жандардың жүрек тебірентерлік әңгімесін облыстық газетіміздің кезекті санынан оқи аласыздар. 
 
Махаббат Бекбай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓