Жүйелі жұмыстар жалғасуда

Елбасының тікелей тапсырмасымен қолға алынған "Ақбұлақ" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру Сарыкөл ауданында 2013 жылы басталған болатын. Содан бері судың зардабын тартқан сарыкөлдіктердің 82,8%-ы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілді. Барлығы 62,8 шақырым су құбыр желісі тартылды.
SONY DSC
Айта кеткен абзал, былтыр өңірде су жүргізу мен магистралдық жұмыстар жалпы 56 шақырымды қамтыды. Алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш екі есеге өскен. Айталық, екі заманауи жерасты су нысаны, Ленин көшесі соңында жаңа насос бекеті салынды. Өңір көшелері мен элеватор және темір жол бекетіне ауыз су тартылды. Нәтижесінде, жергілікті тұрғындардың төбесі көкке жетіп, мемлекеттік бағдарламаға мейлінше алғыстарын білдірді.
Мінеки, мұндай жүйелі жұмыстар биыл да жалғасын табуда. Нақтырақ айтқанда, сәуір айынан соңынан қыза түсті. Яғни, Комарова көшесіндегі №1 таза су резервуары күрделі жөндеуден өтті. Енді тағы екеуі қайтадан жаңартылмақ. Сондай-ақ, Мир, Толстой, Чапаев, Куйбушев көшелерінде су құбырын тарту жұмыстары аяқталуға жақын қалды. Бұдан соң Әлібек батыр бойымен Ленин көшесіне, одан Жеңіс саябағы арқылы Меңдеке Батырға дейін бұрғылау жұмыстары басталады. Содан кейінгі жұмыстар республикалық жол бойындағы көшелерде  жалғасады. Қазіргі таңда бұл жұмыстармен  «Ерлан» Компаниясы» ЖШС-гі айналысып жатыр.SONY DSC
-Бүгінде  6 мың шақырым су құбыры мен 62 құдық орнаттық. Осылайша, біз өзімізге жүктелген жұмыстарды белсенді түрде жүзеге асырудамыз. Қазір, барлығы 40 адам еңбек етуде, – дейді Сарыкөл кенті үйлерін сыртқы су құбыры торабымен қамтамасыз ету бойынша учаскі бастығы Нұрымбет Қоқышов.
Оның айтуынша, ағымдағы жылы 30 шақырым магистралдық және сервистік су құбырын салу жоспарлануда. Ал, ауданды сапалы ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету 2016 жылы шешімін таппақ.
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓