Жылқы тұратын орын жасалды
Барвин ауылдық округінде тағы бір жылқылар тұратын орын пайда болды. Оны жылқы ұстайтын ауыл тұрғындары бірлесіп жасады.
Жалпы, жылқы малын өсіру оңай емес. Оны асырау үшін арнайы орындар аса қажет. Сол себептен барвиндіктер жылқылар тұратын орын істеді. Олардың айтуынша, бұған бас-аяғы үш күн уақыт кеткен. Оның көлемі – 50\70 шаршы метрді алып жатыр.Яғни, мұнда 200-ден астам жылқы қамауға болады.
-Барвиндегі екінші жылқы қамайтын орын. Бәрінен де, бұл жылқышылар үшін жақсы болды. Кез келген уақытта мал бастарын түгендеп, осыған қамап қояды. Бұған дейін жылқылар түнде далада жүретін, ал енді сенімді орында тұратын болады, – дейді ауыл әкімі Орал Жанбалтин.
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.