Жанкелдинде мал қырылып жатыр

Киіктерге тиген кесел – ауыл малдарына ауыз салғандай. Албарбөгет ауылдық округіне қарасты Көлқамыс ауылындағы «Сыма-К» шаруа қожалығының 13  сиыры белгісіз аурудың кесірінен өлді деген суыт хабар жетті.сиырөлген
Оқыс оқиғаға қатысты аудан әкімі орынбасарының пікірін алу мүмкін болды.
– Қолдағы ірі-қараны белгілі бір кеселден жаппай қырылып жатыр деп айта алмаймыз. Себебі, төрт түліктің өлім-жітімі екі айдан бері тіркеліп келеді. Тек, бір шаруа қожалығында ғана құлын, бұзауын қоса есептегенде, 13 бас мал шетінепті. Ал, ауыл үйлерден шетінегендері бірен-саран. Малдың неден қырылғанын анықтау мақсатында, өлекселерден арнайы сынама алынып, сараптамаға жіберілді. Оның қорытындысы он күн шамасында әзір болады. Сол кезде нақты шара қолданатын боламыз.
Киіктерге тиген кесел – қолдағы қараға да жұқты деп айта алмаймыз. Себебі, қорадағы малға пастереллезге қарсы егу жұмыстары дер кезінде жүргізілді. Дей тұрғанмен, ауыл-аймақтағы төрт түліктің барлығын қамту мүмкін болмады. Себебі, біздерге індетке қарсы дәрі-дәрмектер жоспарлы түрде, белгілі бір мөлшерде ғана беріледі. Егер індет ошағы осы жерден анықталып жатса, жоғарғы жақтың пәрменімен қосымша қаржы бөлініп, дәрі-дәрмектер де молынан алынар еді. Әзірге, ауруға шалдыққан малға антибиотик салып, аңысын аңдап отырмыз. Ветеренария мамандары малдың шөптен улануы мүмкіндігін жоққа шығармайды. Білікті мамандардың пайымдауынша, биылғы көктем жаңбырлы болып, күн ерте қызды. Осының нәтижесінде, шөп бітік шықты. Олардың арасында, пайдасыз, улысы да болуы ықтимал. Ірі қара содан да улануы мүмкін. Мұның барлығы да жай ғана топшылау. Ал, нақты мәліметті сараптау жұмысының қорытындысынан кейін ғана білетін боламыз – дейді, Жанкелдин ауданы әкімінің орынбасары Шота Оспанов.
 
Жұматай Кәкімжанов

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓