Рудныйдағы іргелі істер

Инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту арқылы ел экономикасының бәсекеге қабілеттігін арттыру – бүгінгі күннің маңызды міндеті. Осы бағытта Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей тапсырмасымен Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданып, жер-жерлерде іргелі істер қолға алынды.DSC07492
Қостанай облысының Индустрияландыру картасына Рудный қаласынан 13 жоба енгізілген. Олардың жалпы құны 278,5 млрд. теңгені құрайды және 2689 адамды жұмыспен қамтуды көздейді. Жуырда бағдарламаның алғашқы бесжылдығы қорытындыланды. Рудный қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Досболовтың айтуынша, қазіргі таңда 8 индустриялық-инновациялық жоба іске қосылып, 18 млрд теңге игерілген. Яғни «ССКӨБ» АҚ Металл илемдеу зауыты, Кен дайындау және байыту фабрикасындағы №17 технологиялық секция, «Металл Инвест KZ» ЖШС полиэтилен құбырлары цехын қайта құру, «Ақбарыс НК» ЖШС кеспе зауыты, «Казшинсервис» ЖШС автокөлік шиналарын қайта өңдеу зауыты, «Жас Қанат – 2006» ЖШС құс фабрикасын қайта жаңғырту, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2-шілде күні телекөпір арқылы қосқан «Лидер 2010» ЖШС сүт зауытының цехы 900-ға жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік берді. Бұның барлығы өңірдегі жұмыссыздар санын азайтып, экономиканың өсуіне оң әсерін тигізіп отыр.
– Қазір кеншілер қаласында қалған 5 ауқымды жобаны жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Олардың ішінде ел ауызында жүргені – Цемент зауыты. Қаржы тапшылығына байланысты ашылуы бір жылға шегерілген зауыттың Солтүстік Қазақстан аумағы үшін маңызы зор. Өйткені солтүстіктің жұртшылығы цементті өзімізден емес, өзге елден тасып жатыр, – дейді Мақсұт Әлібекұлы.DSC_9998
Құны 13,6 млрд теңгеге бағаланған жоғары технологиялық зауыт жылына 500 мың тонна өнім өндіріп, 220 адамды жұмыспен қамтымақ. Сонымен қатар «Жас қанат – 2006» құс фабрикасындағы қайта жаңғыртудың 3-ші кезеңі кәсіпорынның қуаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыратыны сөзсіз. Кен алыбы «ССКӨБ» АҚ-ның да ҮИИДБ табысты жүзеге асырып отыр. Бүгінде кен байыту кешенінің қуаттылыған арттыру, күйдіру машиналары мен ыстық брикеттелген темір өндіру зауытын салу сияқты 3 бірдей жобаның жұмыстары жалғасуда. Аталмыш жобаларға салынатын инвестицияның көлемі – 250 миллиард теңге. Оның сыртында 1600 адам «екі қолға бір күрек табатынын» айта кеткен жөн. Шаралардың барлығы жаңа қосымша бағалармен өнім өндіруді жолға қойып, облыс бюджетінің толығуын қамтамасыз ететіні сөзсіз.
 
Қуаныш ЕСҚАБЫЛ 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓