Дамудың даңғыл жолына түсті
Былтыр облыста «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2 млрд 238 млн теңге жұмсалды. Сол қаражат есебінен 286 бизнес жоба қолдау тапты. Әсіресе, ауылдық жерлерде іске асқан бастамалар мемлекеттік бағдарлама ұсынған оңтайлы мүмкіндіктерді барынша сезінді.
Үстіміздегі жылы мемлекеттік бағдарламаға бірқатар өзгерістер енгізілген. Бұған дейінгі жүзеге асып келген кәсіпкерлікті қолдау тетіктері жетілдіріліп оңтайланды. Мәселен, өтініштерді қарау жеңілдегендіктен қатысушылардың да өатары артқан.
-Біздің облыс бизнес-бастамаларды қолдау көрсеткіші бойынша ел көлемінде 5-орында келеді. Осы жылдың мамыр айына дейін кәсіпкерлікті дамыту басқармасына 100-ден астам өтініш кеп түсті. Соның 14-і мақұлданып, 30 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Биыл облыста кәсіпкерлік көкжиегін кеңейтуге облыстық бюджеттен қосымша 100 млн теңге бөлу жоспарланып отыр, – дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриалық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Роза Горяная.
Биыл «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын іске асыруға 2 млрд 103 млн теңге қарастырылып отыр. Қаражаттың 85 млн теңгесі несиелерді кепілдендіруге, ал 30 млн гранттық қаржыландыруға бағытталмақ.
Толығырақ газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.
Әлібек ЫБЫРАЙ,
Суреттерді түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.