Қанша балл алдыңыз?
Сонымен үстіміздегі жылғы 2 маусымда өткен Ұлттық бірыңғай тестілеудің бірінші күнінің де қорытындысы белгілі болды. Осы күні еліміз бойынша өткен қырық сегіз тестілеу орталығында өтініш білдірген он тоғыз мың жеті жүз қырық үш түлектің 18 889 мектеп бітіруші түлегі емтихан тапсырды. Тестілеу барысында 27 түлек шығарылды. Сол секілді 3 727 ұялы телефон, 3 894 шпаргалка, 83 калькулятор, 3 фотоаппарат, 5 рация, 12 роутер және 1 модем, барлығы, 7 725 тыйым салынған заттар тәркіленді. Өткен жылы осындай тыйым салынған заттардың саны- 7874 болды. Түлектердің алған орташа баллы-79,7 болса, өткен жылы 76,8. Шектік 50 баллдан 3478 мектеп бітіруші өте алмады. 2014 жылғы көрсеткіш болса-6233.
Қуаныштысы сол, ҰБТ-да Тараз қаласындағы №45 классикалық қазақ гимназиясының оқушысы Гүлназ Ердосова 125 балл алды. Ал, 100 баллдан жоғары жинағандар саны- 3 409 (18,1 %). 2014 жылы – 3 797 (14,5%).
Министрліктің ҰБТ ережесін бұзушылықтың алдын алу жөніндегі профилактикалық жұмысқа қарамастан Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында біреудің орнына дайындаған адамдар анықталып, олардың нәтижесі жойылды. Тестілеу нәтижесі ҰБТӨП тақтайшаларына ілінумен қатар ҰТО сайтына да енгізіледі.
Гүлназым САҒИТОВА