Егіс жұмыстары уақытылы аяқталмақ

Қостанай облысының аумағында көктемгі дала жұмыстары қыза түсуде. Қазіргі уақытта 2131,6 мың гектар жерге дәнді-дақыл, 143, 3 мың гектарға майлы дақыл себілді. Ауылшаруашылығына қатысты өзге де мәселелерді облыстық ауылшаруашылығы жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Орал Нұрғазин журналистермен кездесуде айтты.  
Соңғы үш жылда Қостанай облысында ауыл шаруашылығын дамытуға 89 млрд теңге бөлінді. Аталған уақыт ішінде ірі қара мал саны  1,5 рет өскен. 2011 жылы шетелден 12,9 мың бас асыл тұқымды мал әкеленді. Соның 9,3 мыңы етті мал тұқымына жатады.IMG_9974– «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы басталғалы бері 16,3 мың бас асыл тұқымды ірі қара Тобыл өңіріне әкелінді. Биыл аталған бағдарлама бойынша қосымша 430 бас етті мал сатып алу жоспарланып отыр,-деді облыстық ауылшаруашылығы жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Орал Нұрғазин.
Өңдеу саласының көрсеткіштері де көңіл қуантады.  Соңғы үш жылда 7 млн. тонна астық және ұн экспортталған. Десек те Ресей рублінің құнсыздануы салдарынан ауылшаруашылығы тауарларының экспорт көлемі төмендеді. Облыс көлемінде жәрмеңкелер өткізу арқылы ішкі сауда айналымындағы бағаның тұрақтылығы сақталуда. Осы уақытқа дейін тауарлардың бағасы қанша құбылса да нан бағасы өзгеріссіз қалған еді. Алдағы 1 шілдеден бастап нанның бағасы 4 теңгеге қымбаттайды.
 
Қымбат Досжанова
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓