Қостанайда әдеби апталық өтеді

Облыс орталығында қазақ әдебиетінің бескүндігі өтпек. Бұл туралы баспасөз мәслихатында мәлімет берілді.
17-21 қазан аралығында өтетін апталық аясында көптеген іс-шара ұйымдастырылмақ. Тобыл-Торғай өңірінен шыққан әйгілі ақын-жазушылардың рухани мұрасы насихатталып, облыстағы қазіргі қаламгерлердің шығармашылығы паш етіледі.
«Облыстық Мәдениет, Тілдерді дамыту, Білім басқармалары мен Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалы бірлесіп, әдебиет күндерін өткізгелі отыр. Биыл Ахмет Байтұрсынұлы мен Мұхамеджан Сералиннің 150 жылдығы, ақын Сырбай Мәуленовтің 100 жылдығы және жазушы Төлен Әбдіктің 80 жылдық мерейтойы және басқа да елеулі оқиғалар бар. Осыған байланысты барлық атаулы даталарды біріктіріп, әдебиет бескүндігін өткізу шешімі қабылданды. Оның аясында рухани кездесулер, поэзия кеші, көрмелер және басқа да қызықты іс-шаралар ұйымдастырылады», – дейді облыстық Мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.
Апталық шымылдығын Ахаңның өмірі мен шығармашылығына арналған кең ауқымды конференция . 18-19 қазанда «Жыр тұлпары, сыр сұңқары – Сырағаң» атты мәжіліс өтеді. Сырбай Мәуленовтің балалары Қасым мен Бақытжамал мектеп оқушыларымен кездеспек. Іс-шаралардың көбі облыстық кітапханаларда мектептерде және І.Омаров «Бұл облыстағы өте бір ерекше оқиға болғалы отыр. Осыдан-ақ өңірде мәдени шараларға пен әдебиетке деген оң көзқарастың сақталып келе жатқанын аңғаруға болады. Биыл алты бірдей ақын-жазушы Қазақстан Жазушылар одағына қабылданды. Бұл облыс тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай. Таланттардан кенде емеспіз. Тек соларды тани білетін көз керек. Сондықтан апталықтың мақсаты – әдебиет жауынгерлерінің еңбегін насихаттау. Көрермендерге осы бір оқиғаны қапы жіберіп алмауға кеңес беремін», – деді Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалы төрағасы Жанұзақ Аязбеков.
Тілдерді дамыту, Білім басқармаларының өкілдері де осы ауқымды іс-шараға қосатын үлестері, жоспарға алынып отырған бағдарламалар туралы баяндап берді. «Қостанай таңы» газеті әдеби апталықтың әр күні туралы ақпарат беріп отырады.
 
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓