Шегірткеге қарсы күрес басталады

Зиянкес жәндік облыста өткен айдың соңғы онкүндігінде шыға бастады. Шегірткелердің таралуы Амангелді және Жангелдин аудандарында байқалған.OLYMPUS DIGITAL CAMERA
Әйткенмен, облыс диқандары шегірткелерге қарсы күреске сақадай сай. Тобыл өңіріне 1 млн гектар алқапты улауға жетерлік препараттар әкелінді. Қажетті техникалар да дайын тұр.
-Таяу күндері өңірге 470 мың га жерді улауға арналған дәрінің тағы бір легі жетпек. Шегірткелер биыл, өткен жылғыға қарағанда, аз болады деп күтілуде. Алайда жәндіктер осы жолы өте ұсақ. Бұл, әрине, ірі зиянкестермен күрескеннен гөрі қиындау процесс болғалы тұр,- дейді ҚР АШМ облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Болат Мирманов.
Осыған байланысты облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов ауылдық округтер әкімдеріне және қожалық-серіктестік иелеріне алқаптардағы жағдайды жіті қадағалап отыруды тапсырды. Сондай-ақ оларға өңір басшысы шегірткелер келтірмек залал туралы алғашқы күдік пайда болысымен, уақытылы, аймақтық инспекция қызметкерлеріне хабарлауды міндеттеді. 
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓