Ауылда спорт қалай дамып жатыр?
Жаһандану дәуірінде жасөспірімдердің тәрбиесіне үлкен қауіп төніп тұр десе болады. Салдарынан жеткіншектер түрлі заманауи техниканың шырмауынан қайнаған нағыз тірлікті сезіне алмай жатқанға ұқсайды. Оның жалғыз дауасы саламаттылыққа баулып, ортаға шығара білу. Сол үшін де қазіргі қоғам тегін спорт үйірмелерінің жан-жақта көптеп ашылуын талап етеді. Қостанай ауданында бұл жұмыс жақсы жолға қойыла бастағаны көрініп-ақ тұр. Осы салада қырық жыл еңбек етіп келе жатқан ұстаз, білікті жаттықтырушы Рашит Мұхамеджанов бұл іске білек сыбана кіріскенін айтады. Тобыл қаласындағы Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясында оқушылардың спорттың әр түрі бойынша жарыстарға шығуын ұйымдастырумен қатар, Тобыл қаласындағы Art Sport бағдарламасымен ашылған «Барыс» клубында балғындарды дзюдоға дайындайды. Бапкердің үйірмесінде бірінші, екінші сыныптың оқушылары жаттығуларын пысықтап келеді.


«Ағай бізге көп әдіс үйретті. Кілемге шыққанда: «жан-жаққа қарама, ананың аяғына қара» деп айтады. Мен ағайды тыңдап, балаларды жеңемін», – дейді ол. Жас та болса, қарсыласымен айқаса жүріп, бапкер сөзіне сол сәтте құлақ асу жақсы әдет.
Айта берсе, жергілікті жердің спорт мамандары аса жан-жақты. Бір сөзінде қазақтың ұлттық ойыны асық атудан да шәкірт тәрбиелеп жатқанын айтып калып жатыр. Тіпті, облыстық, республикалық жарыстарда олжалы болған шәкірттері де бар көрінеді. Солардың бірі осы Тобыл қаласындағы Н.Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Сабина Теміржан.

Міне, осылайша, Қостанай іргесіндегі Тобыл қаласының жастарын саламаттыққа шақыратын аға буынның қатары бар екеніне қуанасың.
Айбек Ғалымұлы.