Үздік кім?

    Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК Қостанай облыстық филиалында «Үздік техник» номинациясы бойынша  «Өз мамандығының үздігі»  атты байқауы болып өтті. Байқауға облысымыздағы  барлық  қала, аудан  бөлімдеріндегі техникалық тексеру саласындағы  мамандар қатысып өздерінің білімдерін көрсетті. Осы байқаудың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен жеңімпаз  республикалық  байқауда облыс намысын қорғайтын болады.IMG_9537
       «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК Қостанай облыстық филиалының жетекшісі Қанат Төлеповтың айтуынша, байқау ең алдымен мамандардың  өз ісіне деген жауапкершілігін арттырса, екіншіден, жылжымайтын мүлікті техникалық жағынан тексеру саласы бойынша  жұмыс атқаратын мамандардың практикалық жағынан білімін арттыратын болады.IMG_9536
        Ал, енді байқауға келер болсақ, қатысушылар үш кезең бойынша сынға түсті.  Біріншісі, жазбаша тестілеу әдісі бойынша қолданыстағы мемлекеттік  техникалық тексеру мәселесі туралы заңнаманы қаншалықты білетіндіктері жөнінде білімдері тексерілді, екіншісі, техникалық тапсырма яғни  берілген абрис-нобай бойынша үздік техникалық паспорт даярлау, үшіншісі, «Жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық тексеру бойынша жұмыстарды жетілдіру» тақырыбында баяндама  жасау.   Байқауға қатысқан әрбір  маман  берілген үш кезеңнің тапсырмаларын  дұрыс, жауапкершілікпен, сапалы орындауға тырысты. IMG_9546Нәтижесінде  жылжымайтын мүлік орталығының облыстық филиалының қызметкері Т. Кнатова «Ең үздік техник» атағына ие болды, екінші орынды  осы филиалдың  технигі Л. Артьемова жеңіп алды. Үшінші орынды Қостанай аудандық бөлімшесінің қызметкері К. Микрюкова иеленді. Барлық жеңімпаздар грамоталармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
 
 Гүлназым САҒИТОВА
Суретті түсірген: Бағдат АХМЕТБЕКОВ

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓