«Мото қауіпсіздік – 2015»
Қостанайда мото маусым ашылды. Жақында әкімшілік полиция қызметкерлері мен мотоцикл спортының әуесқойлары «Мото қауіпсіздік-2015» іс-шарасын өткізді.
-Жол көлік оқиғаларының алдын алу және қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында мото спорт жарысы жыл сайын ұйымдастырылады, – дейді Қостанай облысы ІІД ӘПБ аға инспекторы Юрий Панасенко.
Қатысушыларға қауіпсіздік ережелері туралы айтылды. Содан кейін олардың жол қозғалысы ережесінен білім деңгейлері тексерілді. Сынақтан сүрінбей өткен байкерлер алаңда көлік басқару шеберлерін көрсетті. 18- жасар Дмитрий Кайсин өзінің «Рейдер» мотоциклімен сынақ жолын 27 секундта бағындырды.
«Мото қауіпсіздік – 2015» іс-шарасында Қостанайлық Владимир Кузьмин үздік деп танылды. Ал екінші орынды Ресейлік Андрей Тихомиров еншіледі. Үшінші орынды жерлесіміз «Грек» атты байкер қанағат тұтты. Жарыс соңында 100-ден астам мотоцикл жүргізушілері облыс орталығының көшелерінен топтасып өтті.
Махаббат Бекбай