8 жасар бала жоғалып кетті
Қостанай қаласында 4 маусым күні Игорь Коцкийге іздеу салынып жатыр.
Анасы Ирина Коцкаяның айтуынша, бала ойнауға шығып кетіп, сол беті үйге оралмаған. Игорь КСК шағын ауданындағы "Восток" дүкені маңында жоғалған. Оны соңғы рет №101 дүкен сатушылары сағат 16.30 кездерінде көріпті. Бала қаладағы №11 мектептің оқушысы.
Ата-ана дереу полицейлерге хабарласқан. Қазір бәрі жабылып іздеп жатыр. Таяу маңнан ақпараттар жиналуда.
Анасы Ирина Коцкаяның айтуынша, бала ойнауға шығып кетіп, сол беті үйге оралмаған. Игорь КСК шағын ауданындағы "Восток" дүкені маңында жоғалған. Оны соңғы рет №101 дүкен сатушылары сағат 16.30 кездерінде көріпті. Бала қаладағы №11 мектептің оқушысы.Ата-ана дереу полицейлерге хабарласқан. Қазір бәрі жабылып іздеп жатыр. Таяу маңнан ақпараттар жиналуда.
Игорьдің үстінде қара ақ жолақты шолақ шалбар, суреті бар ақ жеңіл жейде болған.
Өзге де белгілері: бойы – 140-145 см, білегінің ішкі жағында көзге шалымды мең бар, қоңыр көзді, әңгімелесу кезінде "логично" деген сөзді көп қолданады.
Балдырғанның жүрген-тұрған жері туралы қандай да бір ақпаратыңыз болса, мына нөмірлерге хабарласыңыз: 87776268634 немесе 102.

























